Жемқорлық – қоғам дерті

Уақыты: 25.12.2023
Оқылды: 341
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бүгінгі қоғамның маңызды бағыттарының бірі – жемқорлықпен күресу. Ол батпандап кіріп, мысқалдап шығатын ауру. Оның алдын қазірден алу керек.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің елді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларымыз жемқорлықты түбегейлі жойған жағдайда ғана жүзеге аспақ», – деген еді . Жыл сайын халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жүзеге асырылып жатқан жобаларға жұмсалған қыруар қаржының талан-таражға салынбай өз мақсатына жұмсалуы – елді өрге сүйрейтін үрдіс. Ал, жемқорлыққа жол берілген қоғамда әділеттілік болмайды.

Қазіргі таңда, мемлекет жемқорлықпен күрестің әр түрлі әдістерін қолданып жатыр. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды жүйеге ауысуы, мемлекеттік қызметке үміткерлердің байқауына тәуелсіз бақылаушылардың қатысуы, ауыл әкімдерін ашық жариялы түрде халық сайлайтын құқық берілуі т.б.

Жемқорлықпен мемлекет бір өзі күресе алмайды, онымен қоғам болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, біріге күресу керекпіз. Жемқорлықтан арылу үшін қоғамның санасы да өзгеруі тиіс.

Біз, әрқайсымыз, мәселені пара беріп шешеміз деген санамен өмір сүре беретін болсақ, біздің балаларымызға тек ауру қоғамды аманат етеміз. Сонымен қатар, пара берген адам пара алған адаммен теңдей жауапқа тартылатынын да ұмытпайық! Жемқор қоғамның болашағы жоқ! Болашағымызға балта шаппайық!

Г. Калибаева,
Превенция басқармасының аға офицері
Фото: 
baq.kz