Панфилов ауданында заң бұзған жүргізушілерден көлікті айыптұраққа қойғаны үшін заңсыз ақша алынған

Уақыты: 28.12.2023
Оқылды: 659
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Панфилов ауданының прокуратурасы айыппұл тұрағында көлікті сақтағаны үшін ақшаны заңсыз өндіріп алуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдады, деп хабарлады 7-su.kz желілік басылымы.

Аудан аумағында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың көлік құралдарын кәсіпкердің сенімгерлік басқаруындағы айыппұл тұрағына жеткізіп отырған, ол автомобиль үшін тәулігіне 3 мың теңге алған.

Заң нормаларына сәйкес, арнайы тұрақтар жергілікті бюджет есебінен ұсталуы керек және азаматтар үшін өтеусіз болуға тиіс.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Панфилов ауданының ТКШ бөлімі кәсіпкермен шартты бұзды, сондай-ақ көліктерді уақытша сақтауға бюджеттен қаражат бөлінді.

Қазір автокөлік иелерінен ақша алынбайды.

Фото: Halyq Uni