Қазақстанда қанша адам өлім жазасына кесілген?

Уақыты: 29.12.2023
Оқылды: 673
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бас прокуратура 2023 жылғы үкімдер туралы мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың 9 айында Қазақстан соттары 242 адамды ақтап, 9 адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген (заңды күшіне енген үкімдер негізінде).

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған 9 адам: Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша, адам өлтіру – 5 адам, ҚК-нің 120-бабы бойынша, зорлау – 1 адам, ҚК-нің 121-бабы бойынша, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін – 3 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

"Сотталғандар туралы қолда бар мәліметтерге сәйкес, 1994 жылдан бері заңды күшіне енген үкімдер бойынша 73 адам өлім жазасына кесілген", - делінген жауапта.

Еске салайық, Қазақстанда өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен тоқтатылған.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов