Талдықорғанда екі адамды өлтірді деген күдікпен ер адам іздестіріліп жатыр

Уақыты: 08.01.2024
Оқылды: 608
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының полициясы 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіріп жатыр. 

Ер адам 2023 жылдың 5 қаңтарында Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмысты (адам өлтіру) жасады деген күдікке ілінді. 

Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолында бір саусағы жоқ.

«Іздеудегі ер адамның жүрген жері туралы ақпараты барларды дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102», - делінген хабарламада. 

Фото: Жетісу облысы ПД