Талдықорғанда студенттер арасында есірткіге қарсы пікір-сайыс турнирі өтті

Уақыты: 25.01.2024
Оқылды: 479
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда студенттер арасында есірткіге қарсы пікір-сайыс турнирі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының студенттері арасында жастардың есірткіден бас тартуы мен салауатты өмір салтын насихаттау тақырыбында пікір-сайыс өткізді.

Іс-шараның дайындығы мен өткізілуіне “Жетісу жастары” жастар қозғалысының белсенділері тікелей қатысты.

– Пікір-сайыс барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, әлемдегі және Қазақстандағы есірткіге тәуелділік мәселелерін талқылады. Оны шешудің нәтижелері мен тиімді әдістері де тақыланды. Студенттер дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.

Осындай турнирлерді өңір полицейлері ұдайы түрде өткізіп тұрады. Олардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтарды алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жастардың есірткіден толық бас тартуын қалыптастыру.