Жетісу полицейлері ауыл тұрғындарын құлдықтың заманауи түрлері туралы хабардар етті

Уақыты: 02.02.2024
Оқылды: 767
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу полицейлері ауыл тұрғындарын құлдықтың заманауи түрлері туралы хабардар етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу полицейлері “Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы” ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп адам еңбегін заңсыз пайдаланудың кез келген нысандарын алдын алу, оған жол бермеу жөніндегі ақпараттық жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл жолы түсіндіру жұмыстары Текелі қаласының тұрғындары, сондай-ақ шаруа қожалықтары мен іргелес жатқан шалғай учаскелер арасында жүргізілді.

Осы өзекті тақырыптың ерекшелігі, XXI ғасырда құлдықтың қайтып оралуы сенгісіз жағдай болғанымен, бұл мәселені жария етіп айту қажеттілігінде. Дегенмен, қазіргі замаңғы еңбек құлдығының иелерін адам саудасы үшін қолданылатын ауыр жазада, қоғамдық айыптау да алаңдатпауда.

– Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемде халықтың 2,5 миллионға жуығы қазіргі адам саудагерлерінің қолында. Жыл сайын мыңдаған ерлер, әйелдер мен балалар өз елдерінде де, шетелде де саудагерлердің қолына түсуде. Статистика көрсеткендей, еңбекті қанау құрбандарының басым бөлігін ауыл тұрғындары құрайды. Осыған орай, түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде ауылдық жерлердегі тұрғындарға ерекше назар аударылады, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бөлім бастығы Ердос Нұрпейісов.

Әдетте, халықтың әлеуметтік осал топтары тәуекел тобына жатады. Бұл туыстарымен байланысын жоғалтқан, белгілі бір тұрғылықты жерлері жоқ адамдар. Толық емес және қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдер, заңсыз мигранттар. Құқықтық сауатсыздық, ақпараттан тыс қалу, материалдық жағдайдың төмендігі – осылардың барлығы адам саудасының құрбаны болуларына ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай қылмыстарға байланысты ақпараты бар азаматтар дереу полицияға “102” дабыл желісіне немесе 8 702 344 30 03, 8 (7282) 60-82-32 (ҰҚҚКБ) хабарлау қажет.

Фото: Polisia.kz