Текеліде бірқатар алаяқтыққа қатысы бар әйел анықталды

Уақыты: 01.03.2024
Оқылды: 507
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Текелі полицейлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырды. Азаматтардың сеніміне кіре отырып, ол ауылшаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие және өтеусіз мемлекеттік субсидия алуға өз көмегін ұсынған.

«Қазіргі уақытта, алаяқтың 13 құрбаны анықталды, жалпы шығын 5 миллионға жуық теңгені құрады», – деп атап өтті Текелі ҚПБ бастығының орынбасары Ернар Таңатаров.

Текелі қаласындағы бірқатар алаяқтық туралы іс сотқа жолданды. Күдікті қамауға алынды.

Фото: Polisia.kz