Жетісу облысында қоқыс шығару тарифі он есеге төмендетілді – прокуратура

Уақыты: 01.03.2024
Оқылды: 525
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетуге қол жеткізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

«Табиғатты қорғау прокуратурасының шаралары арқылы облыстың 5 ауданында (Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласы) коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілді», - делінген облыстық прокуратураның хабарламамында.

Прокурорлар уәкілетті органдардың үш жылдан астам уақыт бойы мәслихатқа оларды бекіту үшін тарифтер ұсынбағанын анықтады.

«Қызмет көрсететін компаниялар тарифті өз бетінше белгілеп, оның сомасын 1 м3 1500 теңгеден 5000 теңгеге дейін қойған. Қадағалау актісі бойынша аталған аудандардың тұрғындары үшін жаңа тарифтер бекітілді, бұл қызмет ақысын 2 есеге, ал кейбір жағдайларда 10 есеге төмендетуге мүмкіндік берді, - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұл 100 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 6 мың заңды тұлғаның мүддесі қорғалғанын көрсетеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың басқа да аудандарында (Алакөл, Кербұлақ және Сарқан аудандары) жалғасын тауып жатыр.

Фото: facebook.com/GenProkRK