Талдықорғанда домофон қызметіне талдау жүргізілді

Уақыты: 05.03.2024
Оқылды: 467
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Талдықорған қаласы домофон жабдығына техникалық қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестіктің жәй-күйіне талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде, 2022 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2023 жылдың алғашқы 8 айында домофондарға қызмет көрсету үшін абоненттік төлем бағасы өзгеріссіз қалып, айына 300 теңгені құрады. Бұл қызметтерді ұсынатын компаниялар тұтынушыларға қызмет көрсетудің бірыңғай құнын белгілеу арқылы тұтынушылардың таңдау мүмкіндігін шектеді. Тіркелген бағаларды қолдауға және ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнамасын бұзуға әкелді.

Сондықтан департамент Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабында тыйым салынған, қызметтерге бағаны ұстап қалудан тұратын аталған компаниялардың келісілген іс-қимылдарының белгілерін анықтады.

Осыған байланысты, департамент нарық субъектілеріне бәсекелестікке қарсы заңнаманы бұзу туралы хабарламалар жіберді. Нәтижесінде хабарламалар орындалды.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: alarmspb.com