Жетісу облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Уақыты: 23.03.2024
Оқылды: 493
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының 336-шақырымында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Lada Priora жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғасы анықталып жатыр.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды.

ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.

Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз және ең алдымен белгіленген жылдамдық режимін асырмаңыз. Автокөлікті басқару кезіндегі жауапсыздық пен немқұрайлылық, әдетте, қайғылы салдарға, көбінесе адамдардың өліміне және жарақат алуына әкелетінін ұмытпаңыз, – делінген полиция хабарламасында.

Фото: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі