ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЖӨНІНДЕ АЙТЫЛДЫ

Уақыты: 04.04.2024
Оқылды: 250
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Т.Изгуттиева Жетісу облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен және аудандық бөлімшелердің онлайн байланыс арқылы қосылуымен кездесті.


Іс-шара барысында спикер қатысушыларды 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырудың негізгі мақсаттарымен, міндеттерімен және кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ тыңдаушылардың назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың түсініктері мен негізгі бағыттары түсіндірілді, сондай-ақ парақорлыққа байланысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасына, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік пен жаза туралы назар аударылды.

Спикер өз сөзінде әркімді парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға және кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын дамыту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.