4 миллиард теңгеден аса қаражат негізсіз жұмсала жаздаған - Антикор

Уақыты: 22.04.2024
Оқылды: 287
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жемқорлыққа қарсы еріктілер 4 миллиард теңгеден аса қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұ.Сарқұлов белсенді және бей-жай қарамайтын азаматтар біздің мемлекетіміздің дамуындағы маңызды факторға айналып жатқанын мәлімдеді.

"Бүгінде еріктілер қатарына 3 мыңға жуық адам кірді. Олардың жұмысының арқасында 4 миллиард теңгеден аса сомаға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бағаны көтеру тәуекелдерінің алдын алды", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтарып жатқаны хабарланды.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 миллиард теңгенің активтері мемлекетке қайтарылған.

Коллаж: Голос народа