Оқи отырыңыз
Алматы облыстық сотының 8 маманы коронавирус жұқтырды. Қазір олардың барлығы оқшауланды, мекеме карантинге жабылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Облыстық соттың 8 маманы індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, дәрігерлердің жіті бақылауына алынды. Мекеме екі апталық карантинге жабық. Сот ғимараты мен оның аумағы залалсыздандырылуда», - делінген Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Сурет - ғаламтордан