АУЫЛ МЕКТЕБІНЕ ТАРТУ

Уақыты: 19.10.2018
Оқылды: 843
Бөлім: ТҮПСАНА

Ескелді ауданындағы  М. Мәметова  атындағы  орта  мектебінде  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Белес Жетісу» қоғамдық қоры тәрбиелік маңызы зор іс-шара өткізді. Қор қызметкерлерінің бұл мектепке келуіне кезінде осы мектептен білім нәріне сусындап, үлкен өмірге жолдама алған, қазіргі Алматы қаласының тұрғыны Біржан Жұмаділов ұйытқы болды.

Құрметті қонақтар ауыл мектебін аралап, оқушылар мен ата-аналармен кездесіп, ғылым мен техникадағы жаңа инновация мен технологиялар жайлы әңгіме жүргізді. Қатысушылар түрлі материалдардан робот құрастырды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар мектепке құр қол келмей,  аталмыш қордың атынан  ауыл  мектебіне  арнайы  сыйлық та ала  келіп, оқушыларды ғаламтордың сырлы әлемін, ақпаратпен жұмыс істеуді меңгеруге, инновациялық технология мен бағдарламалар жасау дағдыларын үйренуге  мүмкіндік ашатын заманауи қондырғылар, яғни, бағдарламалауға арналған 5 дана ARDUINO оқыту жиынтығын  сыйға тартты.
Шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары қонақтарға  алғысын айтты.

Шора  БАТЫРБАЕВ
Ескелді ауданы