Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕНДЕРГЕ ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ ЖАСАЙТЫН ЖАСЫРЫН ТОП ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 23.02.2021
Оқылды: 1057
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Еңбекшіқазақ ауданында жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан топ ұсталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс шараларын жүргізді. Нәтижесінде, Қытайдан келген қандас ҚР азаматтарына әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан адамдар тобы анықталды.

Оқиға орнын тексеру барысында ҚХР-дағы (Қытай Халық Республикасы) еңбек өтілін растайтын құжаттар, ҚХР-ның әртүрлі ұйымдарынның мөр бедерлері, нотариалдық қағаздар, станок және басқа да заттар тәркіленіп алынды.

Аталған бұйымдардың көмегімен әртүрлі қосалқы жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер) жасалған. Аталған факт бойынша тергеу амалдары басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"