КЕШЕ 232 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ БАЛАЛАР ДА КӨП

Уақыты: 01.02.2022
Оқылды: 1227
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 1 ақпандағы жағдай бойынша 232 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 52-сі 14 жасқа дейінгі балалар. Жалпы, соңғы төрт күнде 278 бала коронавирус жұқтырған. Бұл туралы "Жетісу" газетінің сайты хабарлады.

Алматы облысында індет басталғалы зертханалық расталған 65640 коронавирус жағдайы тіркелген, оның ішінде 49835 адамда симптом белгілері байқалған.

Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны 0,7%-дан 0,6%-ға дейін төмендеді. Бірақ соңғы аптада Ескелді, Қарасай, Қаратал, Көксу, Панфилов, Талғар, Ұйғыр аудандарында індет жұқтырғандар қатары өскен.

Аудан-қалалар бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші келесідей: Ақсу-3, Балқаш-13, Еңбекшіқазақ-18, Ескелді-4, Жамбыл-15, Іле-15, Қарасай-7, Қаратал-6, Кеген-1, Кербұлақ-2, Көксу-7, Панфилов-31, Талғар-43, Ұйғыр-25, Талдықорған-34, Текелі-5, Қапшағай қаласы-3.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"