Оқи отырыңыз
Алматы облысында Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының екі тұрғыны коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мәлімдеді.
1993 және 1999 жылы туған пациенттер Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасынан шығарылды. COVID-19 инфекциясының бар-жоқтығын анықтау үшін қайталай жасалған талдау екеуінің де ем алғаннан кейін толық айыққанын анықтаған.
Атап өтсек, 2 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирустан айыққандар саны - 12.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"