«ХАБАРЛАНДЫРУ»: КЕРМЕГЕ ТАРТЫЛУДАН ЖАРЫС ӨТЕДІ

Уақыты: 04.07.2022
Оқылды: 1178

ҚР Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының мұрындық болуымынен, 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында мемлекетіміздің барлық аймақтарында тұңғыш рет кермеге тартылудан сайыс өтпек. Дода еліміздің 20 қаласында өтеді.

         Жоба жетекшісі: Қоғам және әлеумет қайраткері, жаттықтырушы және актер, Street Workout-тан Қазақстан және әлем бойыша бірнеше дүркін рекорд иегері. Street Lifting бойынша Еуропа рекорд иесі, Қазақстандағы Street workout қозғалысының негізін қалаушыларының бірі Айтым Жакупов @aitymzhakupov.

2022 жылы 10 шілде күні Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жағажай спорт алаңында Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен, республикалық «TARTYL FEST» спорт фестивалінің Алматы облысы бойынша іріктеу кезеңі өтеді.

Жарыс бағдарламасы:

9:00- 11:00  Тіркеуден өту, салмақ өлшеу, қатысушы нөмірін алу

11:00-11:30  - Салтанатты ашылу

11:30- 13:30  - Сайыс

14:00- 15:00 – Жеңімпаздарды марапаттау

 Жарыста қатысушылар салмағы мен жас ерекшеліктеріне қарай 9 категорияда бақ сынайды:

18 жасқа дейінгілер (жасөсперімдер)

Салмақтары:

1) 55 кг-ге дейінгі;

2) 55 кг-нан 70 кг-ға дейінгі;

3) 70 кг-нан жоғарылар;

18 жастан 30-ға дейінгілер (жастар):

Салмақтары:

4) 65 кг-ге дейінгі;

5) 65 кг-нан 80 кг-ға дейінгі;

6) 80 кг-нен жоғарылар;

 

30 жастан жоғарылар (ересектер):

Салмақтары:

7) 80 кг-ге дейінгі;

8) 80 кг-нан 90 кг-ға дейінгі;

9) 90 кг-нан жоғарылар;

 

 Жоғарыда көрсетілген  9 категорияның әрқайсысы үшін жүлде қоры :

 1 орын – 200 000 тг;

2 орын – 100 000 тг;

3 орын – 50 000 тг;

 

Әр 9 категория бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Гранд Финалға қатысуға жолдама алады.

Гранд финал Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйек күні өткізіледі.

Республикалық гранд Финалдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар, әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алады.

Гранд Финал жүлдеқоры:

1 орын 3 000 000 тг;

2 орын 2 000 000 тг;

3 орын 1 000 000 тг;

 

Толық ақпарат алу үшін +7 702 194 69 99 (Гүлзия Байдалы) нөміріне хабарласыңыздар.