"Орта салмақтағылардың барлығы менен қорқып қалды": Жәнібек мәлімдеме жасады

Уақыты: 30.03.2023
Оқылды: 1092

Бұндай пікірді орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті қарсыласы Стивен Батлердің осал боксшы емес екенін айтап отырып жеткізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Бұған дейін WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыздың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жайлы жазғанбыз.

Әдеттегідей боксшы бұл жолы да жанкүйерлеріне керемет шоу көрсететінін айтқан.  Әрі дивизиондағы барлық титулдарды біріктіргісі келетінін жеткізген.

"Орта салмақтағылардың барлығы менен қорқып қалды. Сондықтан жекпе-жекке келіскені үшін Стивен Батлерге лайықты бағасын беру керек. Мен дивизиондағы барлық титулдарды біріктіргім келеді. Бірақ Батлерге назар аудармай өтіп кетуге болмайды. Ол мықты әрі күшті қарсылас. Сондықтан Стоктонда жанкүйерлерге және ESPN арқылы тамашалайтындарға керемет шоу көрсетемін деп ойлаймын”, - деді ол.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: РЕСМИ. Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ