«Жетісу» «Қайрат» командасын 3:2 есебімен ұтты

Уақыты: 10.04.2023
Оқылды: 931

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турында алматылық «Қайрат» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуға» есе жіберді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан 37-минутта Виктор Васин есеп ашты.

Ойынның 54-минутында «Жетісу» сапынан Рати Ардазишвили таразы басын теңестірді.

Ал 74-минутта Андрей Ульшин қайтадан «Қайратты» алға шығарса, талдықорғандық клубтан Мәди Хасейн 80, Руслан Теверов 90-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Бұл - алматылық клубтың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңілісі болса, талдықорғандық клубтың бірінші жеңісі.