Мәдениет және спорт министрлігінің Кубогы басталды

Уақыты: 17.04.2023
Оқылды: 783

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының жеребесі тартылып, жарыс басталды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жарысты Талдықорған қаласы қабылдады.

А тобы
Жамбыл облысы ОРММИК
Спортта дарынды балаларға арналған ММИ (Павлодар облысы)
Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО ОРММИК
К.Ахметов атындағы ОРРММИК

В тобы
Алматы қаласы Шаңырақ ш/а ОРРММИК
Алматы қаласының спортта дарынды балаларға арналған ММИ
БҚО ОРММИК
Қ.Мұңайтпасұлы атындағы ОРРММИК

С тобы
СҚО ОРММИК
Жетісу облысы, Алакөл ауданындағы ОММИ
Ж.Үшкемпіров атындағы ОРОММИК (Жетісу облысы)
Ә.Молдағұлова атындағы ОРОММИК (Қарағанды облысы)

D тобы
Бөгенбай батыр атындағы ОМОРМК (Ақмола облысы)
Ж.Баһадүр атындағы ОРОММИК (Қызылорда облысы)
Есет батыр атындағы ОРОММИК (Ақтөбе облысы)
Б.Саттарханов атындағы ООРММИК (Түркістан облысы)
Республикалық Спорт колледжі

Бүгін былғары қолғап шеберлері арасындағы бәсеке басталды. Ал қалған спорт түрінен сайыстар алдағы күндерге жоспарланған.

Былтыр бұл бәсекеде Астана қаласының Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жеңімпаз атанған.

Айта кетейік, 14 - 22 сәуір аралығында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында мектеп-интернат-колледждер арасындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Кубогы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"