Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Парижде өткен Grand Slam турнирінде екі алтын алды

Уақыты: 24.04.2023
Оқылды: 866

Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Парижде өткен Grand Slam турнирінде екі алтын алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат дерегіне сүйеніп.

Бұл туралы «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметі мәлім еткен. Франция астанасында «Paris Grand Slam 2023» халықаралық жарысында қазақстандықтар 2 алтынға қоса 1 күміс медаль жеңіп алды.

Аталған додаға Қазақстаннан 11 спортшы қатысты. Доданың алғашқы күні не-ваза бөлімінде 69 келі салмақта сынға түскен Мансұр Хабибулла жеңіс тұғырынан көрінді. Ал файтингте Самат Сәрсенұлы (56 кг) алтын, Ғибрат Әмірше (56 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Үш күнге созылған турнирде 26 елден 900 спортшы бақ сынады.

Фото: instagram.com/drs_kz