Алматыдағы марафонда Данияр Орманғали 1-орынды еншіледі

Уақыты: 30.04.2023
Оқылды: 1207

Алматы қаласында халықаралық жартылай марафон өз мәресіне жетті. Аталмыш бәсекеге 29 мемлекеттен келген спортшылар қатысып, бақ сынады.

Бұл бәсеке біздің жерлесіміз, Сарқан ауданы Абай селосының тұрғыны Данияр Орманғали үшін табысты болды. Атап айтсақ, ол 21 шақырымдық қашықтықты 1сағат 6 минутта жүгіріп өтіп, 25 жасқа дейінгі топ ішінде 1-орынды еншіледі. Жалпы, Данияр бауырымыз жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі және Орталық Азия мен Евразия кубогының жеңімпазы, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы. Енді мамыр айының аяғында оны Татарстанның астанасы Казань қаласында өтетін халықаралық турнир күтіп тұр.

Жерлесімізге сол жарыста жеңіс тілейміз. Аталған додада жеңіске жетсе, әлемдік аренаға шығуға мүмкіндік туады. Іске сәт, Данияр!

Әмір САНА