"Қазақстан футбол елі": ФИФА президенті инвестиция салатынын айтты

Уақыты: 04.05.2023
Оқылды: 742

Астана қаласында Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының президенті Джанни Инфантиноның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп жатқанын осыған дейін жазғанбыз. Кездесудегі маңызды ақпаратты тағы да ұсынып отырмыз.

Джанни Инфантино қазақстандықтардың футболды жақсы көретінін, сала бойынша инфрақұрылымды дамытуға және жаңа спорт алаңдарын салуға бірлескен күш-жігермен инвестиция салатынын жеткізді.

"Мен үшін осында болу және өз ұжымымен бірлесіп үлкен жұмыс атқарып жатқан Қазақстан футбол федерациясының президентіне келу үлкен мәртебе. Сіздердің әсем елдеріңізде футболды қалай жақсы көретінін көрудемін. Мен бұған дейін Қазақстанда болдым, бірақ ФИФА президенті ретінде алғаш рет келуім және Қазақстан футбол елі екенін сенімді түрде айта аламын. ФИФА мен Қазақстан үшін бұқаралық футбол өте маңызды. Сондықтан біз инфрақұрылымды дамытуға және жаңа спорт алаңдарын салуға бірлескен күш-жігермен инвестиция салатын боламыз. Бұл біздің болашағымыз үшін және футболды жақсы көретін балаларымыз үшін маңызды", – деді Инфантино.

Ал Әділет Барменқұлов ФИФА президентінің елге келуін тарихи оқиға деп атады. 

"Біздің еліміз үшін Инфантино мырзаның сапары тарихи сәт болып табылады және қолдау көрсеткені үшін оған алғыс айтқым келеді! Біз үшін балалардың бұқаралық футболдан кәсіби футболға қолайлы ауысуы өте маңызды. Соған орай, осы бағытты дамыту стратегиямыз бойынша біз еліміздің 20 қаласында бұқаралық футбол үшін футбол алаңдарын салуды жоспарлап отырмыз. Болашақта футболға пайда әкелетін және дамытатын футбол менеджерлері үшін білім беру бағдарламаларын ашамыз",– деді Әділет Барменқұлов. 

Фото: ашық дереккөзден