ӘЙГІЛІ ФЛОЙД МЕЙВЕЗЕР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫНЫ СПАРРИНГКЕ ШАҚЫРДЫ

Уақыты: 02.08.2023
Оқылды: 991

IBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Жаңқош Тұраров әйгілі америкалық Флойд Мейвезермен бірлесіп жаттығу жасауға шақырту алған. 


Ол жөнінде кәсіпқой бокста ешкімнен жеңіліп көрмеген Жаңқош Тұраров өзінің Instagram әлеуметтік желісінде "Әлемнің ең бай боксері Флойд Мейвезермен бүгін жолықтым, келесі аптада сппарингке шақырды", - деп жазды. 

Еске сала кетейік, WBA (Бүкіл әлемдік бокс ассоциясы) 7 қазанда Қазақстанда бокс кешін өткізуге рұқсат берген. Тіпті елімізде өтетін бокс кешіне әлемнің үздік ESPN, Show Time және DAZN каналдары қызығып отыр. 

Ал 32 жастағы Жаңқош Тұраров болса кейінгі бокс кешін 21 наурызда Алматыда мексикалық Алехандро Менесесаны техникалық нокаутпен жеңген еді.