ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫН

Уақыты: 03.08.2023
Оқылды: 926

Шотландияның Глазго қаласында велоспорттан Әлем чемпионаты басталды. Жарыс жолына шығатын Қазақстан құрамасының қатарында жетісулық велоспортшылар да бар.


Автомобиль жолының элиталық командасын Алексей Луценко, Евгений Федоров, Игорь Чжан, Глеб Брусенский, Дмитрий Груздев, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова және Фаина Потапова қорғайды. Андрей Ремхе, Максим Тараскин, Ильхан Достиев, Егор Стрельников, Николя Винокуров және Руслан Алиев төменгі категорияда жүлделі орындарды сарапқа салады. Велоспорт трассасында ел намысын Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Артем Захаров және Рамис Дінмұхаметов қорғайды.

Еске салайық, өткен әлем чемпионатында жетісулық Евгений Федоров андерлер арасындағы тас жолда бірінші келіп, Қазақстанның көптен күткенін алтынын алып берген еді.