Күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қанша медаль иеленді

Уақыты: 17.04.2024
Оқылды: 288

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

11 сәуірде алауы тұтанған Сарықұрлық додасына Қазақстаннан әр күрес түрінен 10 балуаннан жалпы 30 спортшы қатысты. Нәтижесінде 30 балуанымыздың 12-сі жүлдеге ілікті. Оның екеуі чемпион атанса, төртеуі финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал алты балуанымыз Азия біріншілігін үздік үшінші орынмен аяқтады.

Осылайша жерлестеріміз аталған біріншілікті 2 алтын, 4 күміс, 6 қола медальмен түйіндеді.

Әр күрес түрі бойынша жүлде алған балуандар:

Еркін күрес:

Азамат Дәулетбеков (86 кг) –Алтын

Асыл Айтақын (61 кг) – Күміс

Ризабек Айтмұхан (97 кг) – Күміс

Мейрамбек Қартбай (57 кг) – Қола

Әйелдер күресі:

Лаура Алмағанбетова (57 кг) – Қола

Диана Каюмова (59 кг) – Қола

Анастасия Панасович (72 кг) – Қола

Эльмира Сыздықова (76 кг) – Қола

Грек-рим күресі:

Ержет Жарылқасын (63 кг) –Алтын

Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) – Күміс

Юсуф Мациев (97 кг) – Күміс

Ибрагим Магомадов (77 кг) – Қола

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Азия чемпионаты Астана қаласында өтіп, Ұлттық құрама 7 алтын медаль жеңіп алған еді.

Фото: Күрес түрлері федерациясы