ҮШІНШІ ЖЕҢІС ҮШТІККЕ ЕНГІЗДІ

Уақыты: 29.04.2024
Оқылды: 298

«Жетісу» футбол клубы биылғы маусымдағы екінші ойынын қатарынан Талдықорғанда өткізіп, жеңіске жетіп отыр. Осының алдында «Шахтерді» 1:0 есебімен жеңсе, 6-турда чемпионаттағы үздік «Ақтөбені» 2:1 нәтижесімен ұтты. Бұл «Жетісудың» осы маусымдағы үшінші жеңісі.


Әуелі алғашқы  голды «Жетісудың» жартылай қорғаушысы  беларус Антон Шрамченко салып, есепті ашқан. Одан кейінгі голдарды екінші таймда көрдік. «Ақтөбеліктер» 50 минутта айыпдобын орындауға мүмкіндік алып, допты әуелеткен Максим Самородов қорғаушы Матео Брачқа (Хорватия) дәл жеткізді және ол басымен гол соқты. «Жетісудың» екінші голын жетісулық Асхат Балтабеков салып, командасына жеңіс сыйлады.  

Қайрат Нұрдәулетовтің жетекшілігімен «Жетісу» биылғы маусымда барлық командаға тегеурінді қарсылық танытып, жақсы ойынымен ерекше әсер қалдырып жатыр. Ел чемпионатының биылғы маусымында бес ойын өткізіп үлгерген команда 4 гол салып, 3 голды өз қақпаларына жіберді.  Үш ойында жеңіске жетіп («Атырау» - «Жетісу» - 0:1, «Жетісу» - «Шахтер» - 1:0, «Жетісу» - «Ақтөбе» - 1:0), бір ойында тең түсіп («Қайрат» - «Жетісу» - 0:0), бір кездесуде жеңілді («Жетісу» - «Астана» - 0:2). Жиыны 10 ұпай. Ел чемпионатының 6-турдан кейінгі кестеде «Ақтөбе», «Астанада» 10 ұпай бар. «Жетісу» 3-орынға орналасты. «Жетісу» келесі ойынын 4 мамырда Қостанайда «Тобылға» қарсы өткізеді. 

Серік ҚАНТАЙ