«Жетісу» өз алаңында «Шахтерді» ұтты

Уақыты: 22.04.2024
Оқылды: 240

Футболдан Қазақстан чемпионатының 5-турында соңғы матчта «Жетісу» (Талдықорған) өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады.

Талдықорғандықтар ойын тізгінін бірден қолына алып, басымдыққа ие болды.

Бірінші таймның соңғы минутында команда капитаны Серікжан Мужиков 11 метрлік айып добын дәл орындады — 1:0.

Екінші кезеңде қарағандылықтар есепті өзгертуге тырысқанымен, одан ештеңе шыққан жоқ.

Бес турдан кейін 7 ұпай жинаған «Жетісу» 8-орынға көтерілді.

Небәрі үш ұпайы бар «Шахтер» 12-сатыда, қауіпті аймақта қалды.

Алтыншы тур ойындары 27-28 сәуірде өтеді.

Фото: jetisufk/Instagram