Оқи отырыңыз
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов әке атанды, деп хабарлады 7-su.kz желілік басылымы tengrisport.kz сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізде болса, Шавкат бұған дейінгі мәлімдемелерінің бірінде демалып жүргенін айтқан болатын.
"Қазір аздап тынығып жатырмын, жұмыстарымды бітіріп алайын. Келесі кездесу туралы – әзірге белгісіз. БАҚ-та түрлі дүние жаза береді. Камару Усман? Егер ыңғайы келсе, онымен де жекпе-жек болады. Титулды айқасқа шығып қалармын, сондай мүмкіндік бар. Не болатынын алдын ала ешкім білмейді. Мен – өз салмағымда UFC титулына үміткерлердің бірімін", – деген болатын спортшы.
Фото : UFC Russia