АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК: ЖЕҢІМПАЗҒА "СПОРТ ШЕБЕРІ" АТАҒЫ БЕРІЛЕДІ

Уақыты: 03.12.2019
Оқылды: 1477

2019 жылдың 4-8 желтоқсаны аралығында Талдықорған қаласында аралас жекпе-жектен (ММА) әуесқойлар арасында Қазақстан кубогы турнирі өтеді.

Жарысты өткізудегі басты мақсат – аралас жекпе-жек спортын насихаттау, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Турнирдің өтуіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру жөніндегі комитеті, Алматы облысы мен Талдықорған қаласының әкімдігі, Алматы облысы ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы мұрындық болып отыр.

Айта кетелік, жарыс 11 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Турнирде жеңімпаз атанған спортшыға «ҚР спорт шебері» атағы беріледі. Еске сала кетсек, 2018 жылы "Қазақстандық аралас жекпе-жек федерациясы ММА" РҚБ бірнеше ММА федерацияларын біріктірді. Ұйымды Ғалымжан Есенов басқарды, ал бас директор болып Валихан Тен тағайындалды.

Республикалық бірлестік президенті Кәрім Мәсімов болып табылатын Қазақстан жауынгерлік өнер қауымдастығының қамқорлығымен жұмыс істейді. Бұл қауымдастық каратэ, жекпе-жек, толық байланыстағы спорт түрлері және ММА аралас жекпе-жегі сияқты бағыттарды дамытады.

Жарыстың өтетін орны: Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі, 22, "Жастар" спорт сарайы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"