Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Қыз арына кір келтірген

11 шілде 2026
САЯСАТ
Қыз арына кір келтірген
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен және «Жаңа адамдар» жастар қозғалысымен бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде порнографиялық сипаттағы материалдарды заңсыз таратумен айналысқан күдіктіні анықтады. 

Полицейлердің мәліметінше, күдікті Алакөл ауданының 22 жастағы тұрғыны. Тергеу барысында оның TikTok әлеуметтік желісі арқылы кәмелетке толмаған қызбен танысып, кейін мессенджер арқылы байланысын жалғастырғаны белгілі болды. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып, алдап, интимдік сипаттағы фото және бейнематериалдарды алған.

Кейін аталған материалдарды мессенджердегі жабық арналар арқылы заңсыз таратып, одан пайда көрген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сонымен қатар оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бұл оқиғаға байланысты полиция ата-аналарды балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелерін түсіндіріп, бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттері мен бейнематериалдарын жібермеудің маңызын үнемі ескертіп отыру қажет. Егер интернет арқылы бопсалау, қорқыту, ақша талап ету немесе жеке деректерді заңсыз тарату фактілеріне тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласқан жөн. Уақытылы берілген ақпарат құқықбұзушыларды жедел анықтап, мұндай қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Өңір тәртіп сақшылары аталған қылмысты әшкерелеуге қолдау көрсеткен «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының өкілдеріне алғыс білдірді.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.