Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
ДЕНСАУЛЫҚ
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері
WhatsAppTelegramFacebook

АИТВ инфекциясының алдын алуда медицинаның мүмкіндігі кеңейіп, жұқтыру қаупін төмендететін жаңа профилактикалық әдістер қолданысқа енгізілуде. Солардың қатарында PrEP және PEP деп аталатын дәрілік қорғану тәсілдері бар. Бірі – инфекциямен ықтимал байлан ысқа дейін қолданылса, екіншісі – қауіпті жағдайдан кейінгі шұғыл шара ретінде қарастырылады.

PrEP (экспозицияға дейінгі профилактика) – АИТВ жұқтыру қаупі бар адамдарға инфекцияның алдын алу үшін ұсынылатын дәрілік әдіс. Ол ықтимал қауіпті жағдайға дейін дәрігердің тағайындауымен арнайы препараттарды қабылдауды көздейді. Дәріні белгіленген тәртіппен тұрақты қолдану инфекцияны жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Дегенмен бұл препараттарды өз бетінше қабылдауға болмайды. Алдымен АИТВ-ға тест тапсырып, медициналық тексеруден өту қажет. Сондай-ақ препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау үшін дәрігердің тұрақты бақылауы маңызды.

Ал PEP (экспозициядан кейінгі профилактика) ықтимал қауіпті жағдай орын алғаннан кейін қолданылады. Мәселен, қорғаныссыз жыныстық қатынас, мүшеқаптың жыртылуы немесе АИТВ жұқтырған болуы мүмкін қанмен байланыс кезінде осы әдіске жүгіну қажет болуы ықтимал.

Мұнда уақыт шешуші рөл атқарады. PEP профилактикасын қауіп туындаған сәттен бастап мүмкіндігінше ертерек, ең кеш дегенде 72 сағат ішінде бастау керек. Емдеу курсы әдетте 28 күнге созылып, медицина маманының бақылауымен жүргізіледі. Сондықтан күмәнді жағдайдан кейін белгілердің пайда болуын күтпей, дереу медициналық көмекке жүгінген жөн.

АИТВ-нің алдын алу тек медицина мамандарына жүктелетін міндет емес. Бұл – әр адамның денсаулығына деген жауапкершілігі. Қауіптің алдын алу сауатты ақпараттан, саналы таңдаудан және қажет кезде медициналық көмекке дер кезінде жүгінуден басталады.

Дина ҚУАТБЕКОВА,
«Облыстық АИТВ-нің алдын алу орталығы»
МКК-нің профилактикалық жұмыс бөлімінің
эпидемиологі

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Бүгін, 20:26
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.