Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуда ауылдық жерде тұратын жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру, оқыту және кәсіпкерлікке баулу бағытында «Ауыл жастары – жаңа үміттер, Жетісу жастары – жарқын жол» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.

Жобаны «Талдықорған өңірлік жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.

Бастама аясында облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында жастарға арналған 10 тренинг және 10 семинар өткізілді. Тренингтерде қатысушылар soft skills дағдыларын дамыту, әлеуметтену, командалық жұмыс тақырыптарын меңгерсе, семинарларда кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және бизнес-жоспар әзірлеу мәселелері қамтылды.

Сондай-ақ жұмыссыз жастардың еңбек нарығына араласуына ықпал ету мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жұмыс берушілермен кездесулер өткізіліп, жастарға жеке консультациялар берілді.

Жоба аясында жастардың кәсіп бастауына да мүмкіндік жасалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық конкурсына өтінім қабылдау ұйымдастырылып, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыруға әрқайсысы 3 млн теңгеден 10 грант қарастырылды.

Гранттар мына бағыттар бойынша бөлінді:

  • Мал және балық шаруашылығы – ірі және ұсақ мал, құс, ара, балық өсіру, қосалқы шаруашылықтарды дамыту;

  • Өсімдік шаруашылығы – жылыжайда және ашық алқапта түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру;

  • Сүт өнімдерін өндіру – сүт, айран, сүзбе және басқа да сүт өнімдерін шығару;

  • Қолөнер және шағын өндіріс – ұлттық және заманауи қолөнер бұйымдарын жасау, өндіру және сату;

  • Тағам өндірісі және қоғамдық тамақтану – жартылай фабрикаттар, кондитерлік өнімдер өндіру, асхана мен қоғамдық тамақтану орындарын ашу;

  • Балалар мен жастарға арналған қызметтер – дамыту орталықтары, балабақшалар, қосымша білім беру ұйымдары, спорттық және шығармашылық үйірмелер ашу.

Байқауға жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген және өз бетінше жұмыс іздеп жүрген жастар, NEET санатындағы азаматтар, сондай-ақ кәсіп ашуға ниетті, бірақ қажетті білімі, дағдылары мен ресурстары жеткіліксіз жастар қатысты.

Кәсіп бастауға ниетті қатысушыларға жеке консультациялар беріліп, тәлімгерлермен жұмыс ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, жобадан кейін де жастарға қолдау көрсетіліп, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және бизнесті дамыту бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Жобаның ұйымдастырушысы – «Талдықорған өңірлік жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры. Жоба жетекшісі – қор президенті Светлана Садвакасова.

Қосымша ақпарат: 8 747 286 01 21, 8 701 432 94 67.

 

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00
Жастар желінің жетегінде

Жастар желінің жетегінде

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.