Талдықорған: +37°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

15.07.2026
КҮНДЕРЕК
Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

pexels

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару және отбасы мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізуді көздейтін құжатқа қол қойды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Жаңа заңнамалық түзетулер қоғамда белсенді талқыланып жатқан суррогат ана заңы мен аймақтарды дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған.

Енгізілген өзгерістердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне қатысты. Жаңа ережеге сәйкес, елімізде суррогат ана қызметіне тек Қазақстан Республикасының азаматы саналатын және өзара ресми некеде тұрған жұптар ғана жүгіне алады. Шетелдіктерге немесе некеде тұрмаған адамдарға мұндай құқық берілмейді.

Сонымен қатар заңда суррогат анамен шарт жасасатын ерлі-зайыптылардың міндеттері нақты белгіленді. Олар келесі шығындарды өтеуге міндетті:

  • Суррогат ананың медициналық тексеруден өту шығындары;

  • Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану ақысы;

  • Жүктілік, босану кезеңіндегі және босанғаннан кейінгі 56-күн ішіндегі медициналық қызметтердің құны;

  • Егер босану кезінде түрлі асқынулар туындаса, медициналық қызмет көрсету шығындары босанғаннан кейінгі 70-күнге дейін өтеледі.

Сондай-ақ ерлі-зайыптылар өздерінің тән және психикалық саулығы туралы ресми медициналық қорытынды мен генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынуы қажет.

Жаңа заң аясында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер деңгейіне жекелеген кіріс көздерін беру мәселесі шешімін тапты. Енді жергілікті бюджетке мынадай түсімдер тікелей бағытталады:

  1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы (кірісті бөлу нормативін жергілікті мәслихат бекітеді);

  2. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымдар;

  3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган салатын айыппұлдар мен өндіріп алудан түсетін қаражат (мұнай секторындағы ұйымдардан түсетін түсімдерді қоспағанда).

Сонымен қатар жергілікті өкілді органдардың жұмысын жақсарту мақсатында ел азаматы мәслихат төрағасы лауазымына қатарынан екі мерзімнен артық сайлана алмайды деген шектеу енгізілді.

Ауылдық аймақтардағы кадр тапшылығын жою үшін танымал «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың тізімі кеңейтілді. Енді аталған жоба аясында мемлекеттік қолдауға ие болатын мамандар қатарына цифрлық технологиялар (IT мамандары) және архив ісі саласының қызметкерлері қосылды.

Бұдан бөлек, құжатта инвестициялық келісімшарт жасасқан кәсіпкерлерге жер учаскелерін бас жоспардың әзірленуін күтпей-ақ тезірек берудің икемді тетіктері қарастырылған. Сот сараптамасы саласына «жекеше сот сарапшысы» ұғымы енгізіліп, қызмет көрсетудің құқықтық негізі бекітілді.

Қатысты жаңалықтар

Метан шығарындысын азайту шаралары

Метан шығарындысын азайту шаралары

15.07.2026
«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

15.07.2026
Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

15.07.2026
Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

15.07.2026
Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.