Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Бүгін, 17:52
Мәслихаттар сайлауы
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат МЕЙІРБЕКОВА РАУШАН  БІЛІСБЕКҚЫЗЫ.  Бірмандатты сайлау округі № 10.

«Халық үні – менің бағытым,

ел сенімі – менің міндетім!»

 

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Мейірбекова Раушан  Білісбекқызы, Ескелді ауданының Шымыр ауылында дүниеге келдім. Жоғары білімдімін, мамандығым – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1995 жылдан бастап Ескелді ауданындағы М. Мәметова атындағы орта мектепте еңбек жолымды бастадым. Кейін директордың орынбасары қызметін атқарып, қазіргі таңда мектептің басшылық қызметіндемін.

Ұстаздық жолымда сапалы білім беруді, өскелең ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын сіңіруді басты міндетім деп санаймын. Мектебіміздің шәкірттері жыл сайын мемлекеттік білім гранттарын иеленіп, «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері атануда. Бұл – ұжымның бірлескен еңбегі мен жүйелі жұмысының нәтижесі.

Мен үшін туған жердің өркендеуі, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты және балалардың сапалы білім алуы – маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта Шымыр және Мелькомбинат ауылдық округтерінің дамуына үлес қосып, тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешілуіне ықпал етуге дайынмын.

 Құрметпен Мейірбекова Раушан 

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

 

1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Шымыр ауылындағы Мәметова көшесінің (2,1 км), Байысова көшесінің (1,4 км) және басқа да көшелердің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін. Шымыр ауылындағы Рүстембеков көшесіне асфальт төсеуге және ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мәселесін қарастыруға ықпал ету. Байысов көшесін заманауи жарықтандырумен қамтамасыз етуге атсалысу.

2. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен және тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге күш саламын. Тозған инженерлік желілерді жөндеу мәселесін көтеру; Көше жарығын кеңейту және электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын арттыру.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ

«Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін ауыл тұрғындарына барынша қолжетімді етуге ықпал етемін.

Жеңілдетілген несие алуға тұрғындарға қолдау көрсету;
Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарын дамытуға ықпал ету;

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Алдағы 5 жылда суармалы жерлерге су үнемдеу технологияларын енгізу көлемін 19,2 мың гектарға дейін жеткізуге ықпал етемін .Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарына мал және егін шаруашылығын дамытуда нақты қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен субсидияларға қолжетімділікті арттыруға ықпал етемін.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ

Алдағы 5 жылда Ескелді ауданында жұмыспен қамту шаралары, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындары арқылы 1000 жуық азаматты жұмыспен қамтуға ықпал етемін.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Қарабұлақ ауылында медицина мамандарының тапшылығын азайту мақсатында резидентураның нысаналы гранттары санын жылына 5–6-ға дейін арттыруға ықпал етемін

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

2031 жылға дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды кеңейту мақсатында 60–90 орындық жаңа балабақша салуға ниетті демеушілер мен меценаттарды тарту жұмыстарын жүргізу Мектеп стадионына ағымдағы жөндеу жүргізу және оқу кабинеттерін заманауи пәндік-зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында ресми сұраныс жолдап, мәселенің оң шешілуіне ықпал ету

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ

Қарттар, көпбалалы отбасылар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Әлеуметтік осал отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсартуға күш саламын.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауылдардағы интернет пен мобильді байланыс сапасын жақсарту, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға қолдау көрсету және тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, депутаттық жұмыс туралы есеп беру.

10. ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Алдағы 5 жылда әр ауылда ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, жасыл желек көрсеткішін 2,1-ден 3,51-ге дейін арттыруға ықпал етемін

МЕНІҢ ЖҰМЫС ҚАҒИДАТТАРЫМ

o Әділдік – әрбір тұрғынның мүддесіне құрметпен қарау.
o Ашықтық – халықпен тұрақты байланыс орнатып, есеп беру.
o Жауапкершілік – көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау.
o Нақты нәтиже – өзекті мәселелерді жоспарлар мен бюджетке енгізуге ықпал ету.
o Бірлік – ауыл тұрғындарының бастамаларын қолдау.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен көп жылдық педагогикалық тәжірибемді, білім беру саласындағы ұйымдастырушылық қабілетімді және ел алдындағы жауапкершілігімді туған жердің игілігіне бағыттауға дайынмын. Әрбір ауыл тұрғынының пікірі маңызды деп білемін. Себебі ауылдың дамуы – ортақ мақсат, ал оның нәтижесі барша тұрғынның өмір сапасынан көрінуі тиіс. Басты ұстанымым – халыққа жақын болу, уәдеге жауапкершілікпен қарау және туған жер үшін нақты жұмыс істеу.

Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.

Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.

«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 10 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.

Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.

Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр адамға – әділдік. Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең көңіл бөлу, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету.

Нақты істер арқылы даму. Жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жүйелі түрде көтеру.

Еңбек адамына қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер мен өз ісін бастауға ниетті азаматтардың бастамаларын қолдауға ықпал ету.

Жастарға – жарқын болашақ. Сапалы білім алуға, кәсіби дамуға, жұмыспен қамтылуға және туған жерде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауға атсалысу.

Ашықтық пен жауапкершілік. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды тұрақты хабардар ету.

                                   Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

 

Тапсырыс беруші: Мейірбекова Раушан  Білісбекқызы

           Ескелді аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді

Қатысты жаңалықтар

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Бүгін, 17:52
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 17:49
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы

Бүгін, 17:49
«Заң мен Тәртіп»: Президент Конституция құндылықтары мен жауапкершілікті атап өтті

«Заң мен Тәртіп»: Президент Конституция құндылықтары мен жауапкершілікті атап өтті

Бүгін, 17:41
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Көкебаев Қайрат Төребайұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Көкебаев Қайрат Төребайұлы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.