Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Көкебаев Қайрат Төребайұлы

Бүгін, 17:36
Мәслихаттар сайлауы
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Көкебаев Қайрат Төребайұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

2026-2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат КӨКЕБАЕВ ҚАЙРАТ ТӨРЕБАЙҰЛЫ №2 бірмандатты сайлау учаскесі

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың басты байлығы – еңбекқор, туған жеріне жанашыр, болашағына бейжай қарамайтын адамдары. Әрбір ауылдың дамуы, әр отбасының тұрмыс сапасы, балаларымыздың қауіпсіз әрі жарқын болашағы – ортақ мақсатымыз.

Мен, Қайрат Төребайұлы Көкебаев, «Әділет» партиясы Алакөл аудандық филиалының төрағасы және Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдап, ауданымыздың өзекті мәселелерін заң аясында көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға дайынмын. Депутаттық жұмыста мен үшін ең маңыздысы – ашықтық, әділдік, нақты іс және халық алдындағы жауапкершілік. Әрбір бастама тұрғындардың қажеттілігіне негізделіп, нақты жоспармен және қоғамдық бақылаумен жүзеге асуы керек.

Бірлесе әрекет етсек, Алакөл ауданын өмір сүруге, еңбек етуге және бала өсіруге қолайлы өңірге айналдыруға үлес қоса аламыз!

МЕНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫМ

Әр тұрғынға және әр ауылға әділ қарау. Еңбекті құрметтеу, өз сөзің мен ісіңе жауап беру. Ашықтық және адамдардың мүддесін қорғауға дайын болу.

Мен сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әрқайсыңызды тыңдауға, сіздерді толғандыратын мәселелерді зерделеп, олардың шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

«Ауылдың дамуы – бүкіл елдің, бүкіл Қазақстанның дамуы».

2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Көкебаев Қайрат Төребайұлы, Қызылащы ауылында туып-өстім. Аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелерді жақсы түсінемін. «Әділет» партиясы Алакөл аудандық филиалының төрағасы ретінде ауданның дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және халықтың мүддесін қорғауға ерекше мән беремін.

Жолдардың жағдайы, сапалы ауыз су, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастардың болашағы – әрбір елді мекен үшін маңызды мәселелер.

  Мен үшін әділдік, ашықтық және халық алдындағы жауапкершілік – депутаттық қызметтің негізгі қағидаттары.

Менің сайлауалды бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен басым бағыттарына негізделген. Ауданның және Үшарал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды жұмыспен қамту, инфрақұрылымды жақсарту және өскелең ұрпаққа қолайлы жағдай жасау – басты назарымда болатын бағыттар.

Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындар көтерген өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, қажетті ұсыныстардың тиісті даму жоспарлары мен аудандық бюджетке енгізілуіне күш саламын. Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, халықпен тұрақты байланыс орнатып, атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беруді маңызды міндетім деп санаймын.

Мен үшін депутаттық қызметтің басты өлшемі – құрғақ уәде емес, туған ауданымыздың және Үшарал қаласының дамуына және тұрғындардың өміріне оң өзгеріс әкелетін нақты істер. Алакөлдің өркендеуі мен әрбір тұрғынның әл-ауқатының артуы жолында бірлесе еңбек етуге дайынмын.

Құрметпен, Көкебаев Қайрат Төрабайұлы

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Үшарал қаласының ішкі көшелері мен көлік қатынасына қатысты тұрғындар ұсынысын жүйелі көтеремін. Аудан жол картасында 2029 жылға енгізілген Үшарал қалаішілік маршруттық жолаушылар тасымалдау көлігін жүргізу мәселесінің іске асырылуына үлесімді қосамын.

 2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Үшарал қаласында 2027–2028 жылдарға көзделген газ желісі жобаларын бақылауды жүзеге асырамын. Мәметова, Әуезов, Айманов көшелеріндегі 4 км, Панфилов, Амангелді, Жастар көшелеріндегі 3 км жарықтандыру жоспарының мерзімі мен сапасына назар аударамын.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Үшаралдағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының ашық әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Қала кәсіпкерлері үшін қызмет көрсету сапасын арттырып,  жылына 5  сауда және жаңа өндіріс жобаларын іске қосу жұмыстарын жүргіземін.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Партияның «Ауыл Аманаты» жобасы аясында жұмыссыз жас отбасыларына несие алуға ықпал етемін. Үшарал қалалық округі аумағында орналасқан ауылшаруашылығымен айналысатын жеке шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері үшін егістікті тамшылап суару технологиясының еңгізілуін әрі қарай жетілдірілуіне  және саланы цифрландыру мәселелеріне үлесімді қосамын.

5. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Үшарал қаласындағы шағын және орта бизнесті, төменгі  пайызбен несиелендіру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткізу арқылы халық табысын молайту аясында жұмыстар атқарамын.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Үшарал қаласында 200 төсек-орындық аудандық аурухана құрылысы мен операциялық блокты жаңғырту, аудандық емхананы күрделі жөндеуін күш саламын. Қала тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Үшарал қаласында 600 орындық жаңа мектеп салу, қалалық №2 орта мектепті күрделі жөндеу жоспарының орындалуын қадағалауды мақсат етемін. STEM, робототехника кабинеттері мен оқушы қауіпсіздігіне басымдық беремін.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуына ықпал етемін.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Үшарал қаласы мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА

Үшарал қаласында  2029 жылға қарай жылы бассейн салуын көтеремін. «Таза Қазақстан» аясында қаланың көшелерін көгалдандыру мен тазалықты ұдайы назарда ұстауды жүзеге асырымын және 2030 жылға дейін  қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кәсіпорынын іске қосуды қолға аламын.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – мен үшін жауапкершілік!

Әр шешім – туған өлкенің игілігі үшін!

Тапсырыс беруші: Көкебаев Қайрат Төребайұлы

Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.