Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» келесі кезеңде

16 шілде 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Чемпиондар лигасы. «Қайрат» келесі кезеңде

"Қайрат" ФК

WhatsAppTelegramFacebook

УЕФА Чемпиондар лигасын 1-ші іріктеу кезеңнен бастаған «Қайрат» футбол клубы «Сутьеска» (Черногория) командасын екі ойында жеңіп, келесі айналымға өтті. Алматыда өткен матчта 2:1 есебімен жеңісе, Никшич қаласындағы «Край Бистрице» алаңында 2:0 нәтижесімен ұтты. «Қайраттың» 2-ші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы – «Омония» (Кипр). Бұл жөнінде 7-su.kz ақпараттық порталы жазады.

Кездесудің алғашқы бөлігінде есеп ашылмады. Ал екінші таймның 68-ші минутында «Сутьеска» қақпашысы Владан Гильсеннің қателігін пайдаланып кеткен 18 жастағы Исмаил Бекболат гол салды. Өткен ойында Исмаил қосалқы құрамнан шығып, екі нәтижелі пас беріп, ойынды құбылтып жіберген еді. Алматылықтар жас ойыншының голынан кейін шабуылды үдетті.

Кезекті шабуылдың бірінде «Сутьеска» ойыншысы Андрия Разнатович айып алаңның ішінде Марк Гуальды шалып жығып, екінші ескерту қағазын алып, алаңнан кетті. Пенальтиді 80-ші минутта орындаған Жоржиньо қателескен жоқ. Есеп – 2:0.  Ойын аяқталар тұста ойынға қосылған тың ойыншы Азамат Тұяқбаев айып алаң ішінде қарсыласына дөрекі ойынағандай көрінгенімен, төреші VAR арқылы қарап, тәртіп бұзылмағанын айтты.

«Қайрат» футбол клубы 1-ші кезеңге қатысқаны үшін 175 мың еуро (94,1 миллион теңге) қаржы алды. Дәл осы соманы қазақстандық клубқа 2-ші кезеңге қатысатыны үшін де береді. Дәл қазір Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдерінен алған ақшасы – 350 мың еуро (188,2 миллион теңге).

Енді 2-ші іріктеу кезеңін «Қайрат» 22-ші шілдеде сырт алаңда «Омонияға» қарсы өткізеді. Ал Алматыдағы ойын 29-шы шілдеге жоспарланған.

«Омония» – Кипрдің 22 дүркін чемпионы, 16 мәрте Кипр Кубогының және 17 рет Суперкубокты алған.

«Қайрат» бұл командамен 2021/22 жылғы УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде екі рет кездескен. Екі матч та 0:0 есебімен аяқталған.

Оқи отырыңыз:  ISMA. Қайрат. Талант 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.