Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуді бастады.
Талдаудың негізгі мақсаты аталған нарықтардағы бәсекелестіктің деңгейін бағалау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау.
Сонымен қатар, талдау барысында Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуы зерделеніп, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы не болмауы анықталатын болады.
Талдау нәтижесінде нарықтағы бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін факторлар айқындалып, оларды жоюға бағытталған тиісті ұсыныстар әзірленетін болады.





