Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Умарова Бағдат Қадырбекқызы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Умарова Бағдат Қадырбекқызы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат УМАРОВА БАҒДАТ ҚАДЫРБЕКҚЫЗЫ

№2 бірмандатты сайлау округі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауылымыздың басты байлығы – еңбекқор тұрғындары. Әрбір елді мекен назардан тыс қалмауы тиіс, әрбір отбасы қолайлы өмір сүру жағдайына лайық. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жаңа жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты іске асуы керек.

Мен барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен олардың шешілуіне жүйелі түрде күш салып, сіздердің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттіктерім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әрбір міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.

Бірлесе еңбек ету арқылы ауданымызды әрбір тұрғын өмір сүргісі келетін, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелегісі келетін көркейген әрі жайлы мекенге айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ПРИНЦИПТЕРІМ

Әрбір тұрғынға және әрбір ауылға тең әрі әділ көзқарас таныту – менің басты ұстанымдарымның бірі. Еңбекті бағалау, сөз бен істің бірлігін сақтау, қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу, ашықтық қағидаттарын ұстану және тұрғындардың мүдделерін қорғау – негізгі жұмыс қағидам. Мен сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізге әрдайым ашықпын. Әрбір тұрғынның үнін тыңдауға, сіздерді толғандырған мәселелерді түсінуге және олардың шешілуіне атсалысуға дайынмын.

Сайлауға келіңіз! Маған дауыс беріңіз!

2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Умарова Бағдат Қадырбекқызы, 1976 жылы Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылында дүниеге келдім. Туған өлкенің дамуына үлес қосу – үлкен жауапкершілік. Еңбек жолымда елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді, тұрғындарға қолайлы жағдай жасаудың маңызын және халықпен тұрақты байланыс орнатудың қажеттілігін терең түсіндім. Күнделікті өмірде тұрғындарды толғандыратын мәселелер көбіне нақты әрі өзекті: сапалы жол, таза ауызсу, жарықтандырылған көшелер, қолжетімді әлеуметтік қызметтер және тұрақты табыс көзі.

Менің ойымша, жергілікті мәселелерді шешу барысында тұрғындардың пікірі міндетті түрде ескерілуі тиіс. Халықтың ұсыныстарын тыңдап қана қоймай, оларды тиісті мекемелерге жеткізу, шешу жолдарын бірлесіп қарастыру және орындалу барысын бақылау маңызды. Нәтижелі жұмыс ашықтыққа, өзара сенім мен жауапкершілікке негізделуі керек.

Ауданның дамуы тек орталықтағы өзгерістермен өлшенбейді. Әрбір ауылдың жағдайы, әр отбасының тұрмысы мен жастардың болашағы назарда болғанда ғана ортақ даму мақсатына қол жеткізе аламыз. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тұрғындардың мүддесін қорғауға, елді мекендердегі өзекті мәселелерді көтеруге және олардың шешілуіне атсалысуға дайынмын. Халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, туған өлкемнің дамуына өз үлесімді қосуды азаматтық парызым деп санаймын.

                                                                               Құрметпен  Умарова Бағдат  

 2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Малайсары ауылындағы жалпы ұзындығы 2,83 км болатын ішкі көше жолдарын жөндеу мәселесін тиісті органдар алдында көтеріп, жұмыстардың жүзеге асуына атсалысамын. Тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз етуге басымдық беремін.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

2028 жылға дейін Қарашоқы ауылында (50,7 км), Малайсары ауылында (15 км), Сарыбастау ауылында (37 км) және Рудник Архарлы ауылында (49 км) жеткізуші газ құбырлары мен газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу мәселесін тиісті органдар алдында көтеріп, жобалардың жүзеге асуына атсалысамын. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету және ауылдардың инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды назарда ұстаймын.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2031 жылға дейін 30 ауыл тұрғынының жеңілдетілген несие алуына қолдау көрсетіп, жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысын жандандыруға атсалысамын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2027-2031 жылдар аралығында бюджет қаражаты есебінен 154,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жұмыстарына қолдау көрсетіп, халықтың қолжетімді баспанамен қамтылуына атсалысамын.

  1. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Жастардың кәсіптік әлеуетін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға бағытталған жобаларды қолдап, жыл сайын жастардың кемінде 30%-ын жұмыспен қамтуға атсалысамын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2027-2031 жылдар аралығында ауданға қажетті медициналық мамандықтар бойынша 70 гранттың бөлінуіне қолдау көрсетіп, білікті кадрлар даярлауға, дәрігер тапшылығын азайтуға және медициналық қызмет сапасын арттыруға атсалысамын.

  1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Ұлттық Мектеп лигасы аясында оқушыларды ұлттық және бұқаралық спорт түрлеріне тартуды қолдаймын. 2031 жылға дейін спорттық жарыстарға қатысатын оқушылар санын 2 200-ге жеткізуге атсалысып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ұлттық спортты дәріптеуге күш саламын.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп түлектерінің техникалық және кәсіптік білім алуына тең мүмкіндік жасауға қолдау көрсетемін. 2031 жылға дейін олардың кәсіптік біліммен қамтылу үлесін 90%-ға жеткізуге атсалысып, кәсіби дамуы мен еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасауға күш саламын.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауыл мектептерін сапалы интернетпен және заманауи цифрлық технологиялармен жабдықтауға, оқушылардың электрондық білім беру ресурстарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге атсалысамын.

10.ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙГЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарын қолдап, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыруға күш саламын.

Сіздің пікіріңіз- мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз –нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім-туған өлкенің игілігі үшін!

Тапсырыс беруші: Умарова Бағдат Қадырбекқызы
Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.