Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ

№4 бірмандатты сайлау округі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Біздің ауданның басты байлығы-оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жеріне деген сүйіспеншілігі. Әрбір елді мекен назар аударуға тұрарлық және әр отбасы өмір сүруге лайықты жағдай жасайды. Жақсы жолдар, қол жетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастар үшін мүмкіндіктер уәде болып қалмай, шындыққа айналуы керек. Мен барлық мәселелерді бірден шешуге болмайтынын түсінемін. Бірақ олардың шешіміне дәйекті түрде қол жеткізуге, сіздің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттіктер шеңберінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайын. Мен үшін әрбір міндеттеменің нақты істермен қамтамасыз етілуі маңызды. Бірге біз өз ауданымызды өмір сүргіміз келетін, жұмыс істегіміз келетін және балаларды тәрбиелегіміз келетін орынға айналдыра аламыз!

 МЕНІҢ ПРИНЦИПТЕРІМ

Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекке деген құрмет, өз сөздері мен істері үшін жауапкершілік. Ашықтық және адамдардың мүдделерін қорғауға дайын болу. Мен сіздің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңызға және ескертулеріңізге әрқашан ашықпын. Мен әрқайсысын тыңдауға, Сізді толғандыратын мәселелерді түсінуге және оларды шешуге дайынмын.

Сайлауға келіңіз! Маған дауыс беріңіз!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Рамазанова Индира Ақанқызы 1988 жылы 10 қыркүйекте Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. Алматы университетін мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша аяқтадым. Еңбек жолымды 2018 жылы «Балдырған» балабақшасында әдіскер болып бастап, 2023 жылдан бері «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарып келемін.

Басшылық қызметінде мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жүйелі ұйымдастыруға, педагогикалық ұжымның бірлескен жұмысын үйлестіруге, балаларға сапалы тәрбие мен білім беруге қолайлы жағдай жасауға басымдық бердім.

Ауданымыздың өркендеуі – әрбір ауылдың дамуы, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы және өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған нақты қадамдардан басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында жинақтаған көпжылдық тәжірибемді ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім беру жүйесін жетілдіруге және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағыттауды мақсат етемін. Аудан тұрғындармен тығыз байланыста болып, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын назарға алуды, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етуді азаматтық  міндетім деп санаймын.

 Құрметпен, Рамазанова Индира

 2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. САПАЛЫ ЖОЛ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ

Ауылішілік жолдардың сапасын жақсартуға, көлік қозғалысы мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беремін. 2027 жылы Сарыөзек ауылының жалпы ұзындығы 20 км болатын ішкі көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарының жүзеге асуына қолдау көрсетемін.

  1. СУМЕН, ЭЛЕКТРМЕН ЖӘНЕ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Елді мекендердегі коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға басымдық беремін. Тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету, инженерлік желілерді жаңғырту мәселелерін тиісті органдар алдында көтеріп, олардың шешілуін назарда ұстаймын. Сонымен қатар, Сарыөзек ауылындағы жалпы ұзындығы 35 км газ тарту желілерінің құрылысын аяқтау барысын бақылауда ұстап, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қадағалаймын.

  1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АУЫЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚОЛДАУ

Ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және кәсібін кеңейтуіне қолдау көрсетемін. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2031 жылға дейін 30 тұрғынның жеңілдетілген несие алуына жәрдемдесіп, отбасылық кәсіпкерлікті, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға атсалысамын.

  1. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

Аудан тұрғындарының баспанаға қолжетімділігін арттыруға және тұрғын үй құрылысын дамытуға басымдық беремін. 2027-2031 жылдар аралығында Кербұлақ ауданында бюджет қаражаты есебінен 154,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жұмыстарының жүзеге асуына қолдау көрсетемін.

  1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

Жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың табысын арттыруға және тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беремін. Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту, өнім өңдеу және қызмет көрсету салаларын кеңейту арқылы жыл сайын жастардың кемінде 30%-ын жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдаймын.

  1. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

Аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға басымдық беремін. 2027-2031 жылдар аралығында қажетті медициналық мамандарды даярлауға 70 грант бөлінуіне қолдау көрсетіп, медицина мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз етуге және дәрігер тапшылығын азайтуға атсалысамын.

  1. БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Ұлттық Мектеп лигасы аясында оқушылар арасында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуды қолдаймын. 2031 жылға дейін спорттық жарыстарға қатысатын оқушылар санын 2 200-ге жеткізуге атсалысып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ұлттық спортты дәріптеуге күш саламын.

  1. ЦИФРЛЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ЖӘНЕ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ

Ауыл мектептерін заманауи цифрлық технологиялармен қамтамасыз етуге басымдық беремін. Жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін арттыруға, электрондық білім ресурстарын тиімді пайдалануға және білім беру ұйымдарының цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуге атсалысамын.

  1. ТАЗАЛЫҚ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, санитариялық тазалықты сақтау, көгалдандыру және қоқыс шығару жүйесін жетілдіру жұмыстарын қолдаймын. Тұрғындардың демалуына қолайлы қоғамдық орындар қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға атсалысамын.

Сіздің пікіріңіз- мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз –нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім-туған өлкенің игілігі үшін!

Тапсырыс беруші: Рамазанова Индира Ақанқызы
Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.