Талдықорған: +10°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Лондоннан не хабар? Үздіктер арасында

21 шілде 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, АЛТЫН ТҰҒЫР
Лондоннан не хабар? Үздіктер арасында
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ футболшыларының арасынан Еуропаға жол ашып, алғаш гранд-клубқа ауысқан Дастан Сәтпаев «Челси» командасымен бірінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команда ережеге сай футболшы 18-ге толғанда ресми таныстырады. Ал қазір тек там-тұмдап жиналған ақпаратпен фото-видеоға қанағаттанамыз. Дастан «Челси» сапында жолдастық кездесуге қатысып, күнделікті жаттығу барысында жақсы көрініп жүр. Британиялық басылымдармен агенттер жиі назарға алып, әр іс-әрекетін үнемі жазып отырады.

Қазақстандық фуболшыны  «Челси» 12-ші тамызда 18-ге толғанда ресми таныстырады. Оған дейін ереже бойынша тек оқу-жаттығу жиынына қатыстырып, жолдастық кездесулерге ғана шығара алады. «Челсидың» әр жаңалығын қалт жібермейтін әлеуметтік желідегі парақшалар негізгі құраммен жаттығуда жүрген Дастанның фото-видеосына дейін тауып, «таланатты жас» деп баға беріп жатыр.

«Дастанның дәл қазіргі физикалық формасы өте жақсы. Оған себеп – Қазақстан чемпионаты нағыз қызып тұрған шақта кетті және Англияға көп футболшыдан бұрын барды. Бұл Дастан үшін айтарлықтай басымдық» деген еді «Қайрат» футбол клубының директоры Қайрат Боранбаев.

Инстаграмда 3 миллион оқырманы бар танымал «Rising Ballers» парақшасы Дастанның формасын айрқыша бағалаған. Әсіресе, балтыр бұлшық еттерін танымал ағылшын футболшысы Джек Грилишке ұқсатқан. «Бұл таңғаларлық жағдай. 17 жастағы Дастан Сәтпаев ерекше күшке ие» деп жазды.

«Ақсүйектердің» (ред. «Челсидың» лақап аты) Кобхэмдегі жаттығу базасында «Кроули Таун» командасымен өткен жабық жолдастық кездесуде Дастан Сәтпаев алаңға шықты. Бұл «Челси» тізгінін ұстаған Хаби Алонсоның да алғашқы ойыны. «Челси» 3:1 есебімен жеңді. Джейми Гиттенс және 2-ші таймда Эммануэль Эмега мен Лиам Делап гол салды. Дастан ойынның екінші бөлігінде Реджи Уотсон, Реджи Уолш, Райан Кавуму-Маккин, Калвин Диаките және Генезис Анвимен бірге ойнады.

«Челсиды» маусымалды ресми жолдастық кездесулер күтіп тұр. Аустралиямен Азияға сапарға шығатындар тізімінде Дастаның бар-жоғы әлі нақты айтылмады. «Челси» Сиднейде 28 шілдеде «Вестерн Сидней», 1 тамызда «Тоттенхэммен», 5 тамызда Гонконгта «Ювентуспен», 8 тамызда  Жакартада «Миланмен», 9 тамызда Малайзияда «Джохор Дарул Тайзим» және «Исканндар Султан» командаларымен ойнайды. Оған дейін қазақ баласы өзін жан-жақты көрсетеді деген ойдамыз.

Жаттығу барысында жеңіске жеткен құрамның арасынан Дастанды да көріп жүрміз. Коул Палмер, Жоао Педро сынды үздіктермен иық тірестіре бірге ойнап жүрген жас ойыншының болашағына үлкен үмітпен қараймыз. «Chelsea Brasil» парақшасы «Егерде «Челси» ешқайда жібермей, Дастанды дайындайтын болса, онда бізде мықты футболшы болады» деп жазған. Дүниенің әр бұрышындағы «Челсидың» фанаттары Дастанға деген көзқарасы жақсы. Команда тарапынан ойыншыға жасалған ресми қадамды күтеміз.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапынан 4 миллион еуроға ауысқан болатын. Бұл Қазақстан футболындағы рекордтық көрсеткіш.

Серік ҚАНТАЙ

Оқи отырыңыз, Қазақ футболының үміті 

Чемпиондар лигасында гол салған тұңғыш 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.