Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол салған тұңғыш қазақ

30 қараша 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол салған тұңғыш қазақ

Фото: IMAGO/Jan De Meuleneir

WhatsAppTelegramFacebook

Әлемдегі ала доптың жанкүйерлері Еуропаның футболына көз тігіп, сонымен тыныстап, мықтылардың ойынына тамсанып отырады. УЕФА Чемпиондар лигасының бұл тұрғыда шоқтығы биік. Ал сол турнирде атой салып, елдің атын шығарып жатқан «Қайраттың» әр ойыны жанкүйерлердің көз алдында. Әсіресе, командадағы тығыршықтай жас баланың жылдамдығы, допты бақылауда ұстап, соққы жасауы қатарластарынан ерекшеленіп тұрады. Дастан Сәтпаев – УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол салған тұңғыш қазақ футболшысы.

«Қайрат» футбол клубы өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнап жатыр. Әзірге жеңіске жеткен жоқ. Бірінші ойынын «Спортингпен» (1:4) өткізіп, одан кейін «Реал» (0:5), «Пафос» (0:0), «Интер» (1:2) және «Копенгагенмен» (2:3) ойнады. Алда «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия), «Арсенал» (Англия) командалармен кездесу бар. «Қайрат» турнир тарихындағы (негізгі кезеңде) алғашқы ұпайын Алматының Орталық алаңында Кипрдің «Пафос» командасымен тең ойнап (0:0), 1 ұпай алды.

Данияның чемпиондығын алудан рекордтық көрсеткішке ие (16 мәрте жеңген) «Копенгаген» өзінің «Паркен» алаңында «Қайратты» қабылдады. Ойын нәтижесі – 2:3. Алаң иелерінен Виктор Дадасон (26 минутта), Джордан Ларссон (59 минутта), Роберт (73 минутта) гол салса, алматылықтардан Дастан Сәтпаев (81 минутта) пен Олжас Байбек (90 минутта) көзге түсті. Дастан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі сатысында гол салған алғашқы қазақ футболшысы. Одан бөлек, Дастан жалпы турнирде гол салған ең жас ойыншылардың үштігіне кірді. Көшті «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Ансу Фатимен (17 жас 40 күн), каталоньялықтардың бүгінгі жұлдызы Ламин Ямаль (17 жас, 68 күн) бастап тұр. «Копенгаген» қақпашысы Доминик Котар-скидің қателігін пайдаланып гол салғанда Дастанның жасы 17 жас 110 күн болды.

– Дастанның «Копенгагенге» соққан добы мінез, соңына дейін күрес, үміт үзбеу, ең бастысы, нағыз шабуылшының білігі. Естеріңізде ме, Алматыда «Оқжетпес» қақпасына осылай доп тоғытқан. Ал Олжас Байбектің добы – ақылды гол! Қорғаныстың аузын айға Еуропаша қарату үлгісі! Тақ-тақ-тақ-тақ – гол! Сәтбаев – Тапалов – Зариа – Байбек – гол! Тең есепке сәл жетпей қалғаны ғана өкінішті…, – дейді белгілі комментатор Есей Жеңісұлы.

Дастан Сәтпаев биыл «Қайрат» сапында өзінің алғашқы маусымын өткізіп жатқанын ескеруіміз қажет. Ол бірінші маусымында Қазақстан премьер-лигасында 14 гол, Қазақстан кубогында 1 гол, Ұлттық құрама сапында 1 гол, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде 3 гол және негізгі сатысында 1 гол салды. Барлығы 20 голдың авторы атанды.

– Жас талант бұл жетістігімен Еуропаны таңғалдырды және өзінің қаншалықты үлкен әлеуетке ие екенін дәлелдеді. Ол қазірдің өзінде «Челсимен» келісімшартқа қол қойған, алдағы маусымда клубқа қосылатын келесі «супер талант» болады деп күтеміз, – дейді журналист Бек Төлеу.

Әлемдік басылымдар да Дастан жөнінде жарыса жазып, үнемі үзбей айтып жатыр. Мәселен, goal.com сайты әлем танитын шабуылшылармен салыстыра келіп (әсіресе Серхио Агуэромен), оның әлеуетін жоғары бағаласа, Yahoo Sports «Копенгагенмен» жеңіліске қарамастан Дастанның салған голы тарихта қалатындығын жазса, Sports Mole Дастанның «Челси» сапына 2026 жылы ауысатындығын айтып, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы табысына тоқталып, Қазақстандағы футболдың даму деңгейін талдады.

Биылғы табысына орай Дастан Сәтпаев «Спорт» номинациясы бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Бұл жөнінде «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі «Бұл – оның еңбегі мен тәртібінің, отандық футболдың дамуына қосқан үлесінің нәтижесі» деп бағалады.

«Қайраттың» биылғы бас айналдырарлық жетістігіне Дастан тікелей себепші ойыншылардың бірі. Көктемдегі алғашқы матчта («Астана» – «Қайрат» 1:1) Дастан Сәтпаев «Астана Аренада» есеп теңестіріп еді. Маусымның ең маңызды кездесуінде де Сәтпаевтың есеп теңестірген добы («Қайрат» – «Астана 1:1) «Қайраттың» бесінші чемпиондығына жол ашты.

Алматылық команданың жетістігі жөнінде белгілі спорт шолушысы Руслан Меделбек: «Қайраттың», жалпы Қазақстанның Чемпиондар лигасындағы жорығы бір реттік болмаса екен деген тілек. Біз осындай аураны, тойды Қазақстанда жиі көрейік» – деп түйді.

Бүгінде Ұлттық құраманың негізгі бөлігін құрайтын «Қайрат» академиясының ойыншылары алдағы уақытта да талай талантты қатарға қосады деп сенеміз.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.