Талдықорған: +21°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
КҮНДЕРЕК
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

qazaquni.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Халық денсаулығы – мемлекеттің басты байлығының бірі. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі әр отбасының әл-ауқатына, азаматтардың өмір сүру сапасына және қоғамның болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру және білікті мамандарды қолдау – қашанда маңызды міндет.

Көп жылын адам денсаулығын қорғау ісіне арнаған медицина саласының ардагері ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты көтерген бастамаларын ерекше ықыласпен қабылдадым. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауда халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

Әсіресе, алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін жаңғыртуға басымдық берілуі өте орынды. Өйткені бұл – халық күнделікті жүгінетін медицинаның ең маңызды буыны. Науқаспен алғаш кездесіп, денсаулық жағдайын бағалайтын, ауруларды ерте кезеңде анықтайтын, профилактикалық жұмыстар жүргізетін және емделу барысын қадағалайтын да – жалпы практика дәрігерлері мен учаскелік қызмет мамандары. Сондықтан олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту медициналық көмектің тиімділігін арттыруға тікелей ықпал етеді.

Президент Жолдауында жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту қажеттігі атап көрсетілді. Бұл – уақыт талабынан туындаған маңызды шешім. Себебі ауруды асқынған кезде емдегеннен гөрі, оның алдын алып, бастапқы кезеңінде анықтаудың медициналық та, әлеуметтік те тиімділігі жоғары. Ал алғашқы буынның мүмкіндігі артқан сайын тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі жеңілдей түседі.

Ауылдық жерлердегі медицинаның дамуы да айрықша назар аударуды қажет етеді. Ауыл дәрігері өз пациенттерінің денсаулық жағдайын ғана емес, тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру ерекшеліктерін де жақсы біледі. Мұндай сабақтастық аурудың алдын алуға, созылмалы сырқаттарды бақылауда ұстауға және тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Сондықтан алғашқы медициналық көмек мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, оларды білікті мамандармен қамтамасыз ету аса маңызды.

Мемлекет басшысы Жолдауда өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу міндетін де атап өтті. Олардың қатарында перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету стансылары, балаларға арналған оңалту орталықтары бар. Бұл бастаманың әлеуметтік маңызы зор. Өйткені заманауи медициналық нысандардың көбеюі халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып қана қоймай, өңірлер арасындағы медициналық инфрақұрылым айырмашылығын азайтуға ықпал етеді.

Сонымен бірге медицина саласындағы кадр мәселесін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Заманауи ғимараттар мен жаңа технологиялар болғанымен, науқасқа сапалы көмек көрсететін білікті маманның орны бөлек. Дәрігердің кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі мен адамға деген жанашырлығы медицинаның басты құндылығы болып қала береді. Сондықтан медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалау, әлеуметтік жағдайын жақсарту, жас мамандарды салаға қызықтыру және тәжірибелі кадрларды сақтап қалу жүйелі түрде жалғасуы керек.

Жолдауда алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласы мамандарының еңбекақысын арттыруға қатысты да нақты тапсырма берілді. Атап айтқанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін көтеру көзделген. Бұл 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтитын маңызды әлеуметтік қолдау болмақ. Мұндай қадам күнделікті жұмысы үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсіби дайындықты талап ететін мамандардың еңбегін бағалаудың айқын көрінісі деп білемін.

Меніңше, денсаулық сақтау саласын дамыту тек жаңа ауруханалар салумен немесе медициналық жабдықтарды жаңартумен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы – әрбір азаматтың сапалы медициналық көмекке уақытылы қол жеткізуіне жағдай жасау. Бұл ретте профилактикалық медицинаға, ерте диагностикаға, дәрігер мен пациент арасындағы сенімді қарым-қатынасқа басымдық берген жөн.

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында белгіленген міндеттер осы мақсаттарға бағытталған. Оларды жүйелі әрі сапалы жүзеге асыру отандық медицинаның әлеуетін арттырып, халық денсаулығын нығайтуға тың серпін береді деп сенемін. Өйткені дені сау ұлт – ел дамуының берік негізі.

Мақсұт ҚАЛАЖАНОВ,
медицина ғылымының докторы, денсаулық сақтау саласының
ардагері

Қатысты жаңалықтар

Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30
Төрт ауылға газ келді

Төрт ауылға газ келді

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.