Талдықорған: +15°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

21 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

GOV.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда азаматтардың жеке мәліметтерін сақтау мен қорғауды бақылау шаралары едәуір күшейтіледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Елімізде киберқауіпсіздік пен деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі операторлардың арнайы тізілімі жасалады. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мусалиевтің айтуынша, енді азаматтар туралы ауқымды ақпарат жинайтын мекемелер мемлекеттік органға өз қызметі жайлы міндетті түрде хабарлауға тиіс.

Заңнамаға «дербес деректер идентификаторы» ұғымы кірді. Енді адамның аты-жөні, ЖСН, жүз бейнесі және биометриялық векторлары осы санатқа жатады. Құпия ақпараттар сақталатын дерекқорларға кіру үшін қызметкерлерге биометриялық аутентификация міндеттеледі.

Ең маңызды жаңалықтың бірі – егер ақпарат сыртқа тарап кетсе, компаниялар бұл туралы мемлекетке ғана емес, зардап шеккен азаматтарға да хабарлауға міндеттелмек.

«Бұл азаматтардың үлкен көлемдегі дербес деректерімен жұмыс істейтін ұйымдарға көбірек көңіл бөлуге, сондай-ақ қосымша ұйымдастырушылық және техникалық қорғау шараларын белгілеуге мүмкіндік береді», – деді вице-министр.

Соңғы жылдары елімізде киберқауіпсіздік бойынша 648 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Оның нәтижесінде ұйымдастырушылық және техникалық бұзушылықтар анықталды. Тексерістер антивирустың жоқтығын, көп факторлы аутентификацияның қолданылмауын, қауіпсіздік жаңартуларының орнатылмауын көрсетті. Заң бұзған мекемелерге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, бұл талаптар тек ірі ұйымдарға емес, шағын және орта бизнеске де таралады. Тізімге мынадай орындар киреді:

  • Сұлулық салондары мен фитнес-орталықтар

  • Жекеменшік клиникалар мен шағын қаржы ұйымдары

  • Білім беру орталықтары мен онлайн-платформалар

  • Дүкендер, туристік компаниялар мен компьютерлік клубтар

Жеке мәліметтердің таралып кетуі қаржылық алаяқтыққа, жеке өмірге қолсуғушылыққа әкеліп соғады. Деректерді қорғаудың жаңа стандарттары цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың өз құқықтарын қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Жаңа ережелер киберқылмыспен күресуге және тұтынушылардың ұйымдарға деген сенімін арттыруға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы

Бүгін, 14:05
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тлеубаев Айрат

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тлеубаев Айрат

Бүгін, 14:00
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Өмірбаев Бақытжан

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Өмірбаев Бақытжан

Бүгін, 14:00
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Испанова Ляззат Саркытбаевна

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Испанова Ляззат Саркытбаевна

Бүгін, 14:00
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тасыбаев Руслан Шоғалұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тасыбаев Руслан Шоғалұлы

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.