Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Испанова Ляззат Саркытбаевна

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Испанова Ляззат Саркытбаевна
WhatsAppTelegramFacebook

 

“Үштөбенің даму – нақты іспен, ашық есеппен және жауапкершілікпен өлшенеді.”

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Испанова Ляззат Саркытбаевна, білім саласында еңбек етіп, К.Тоқаев атындағы орта мектепті басқарып келемін. Сенімім берік: әр бала – үлкен мүмкіндікке лайық.

Мектеп басқарудағы қағидам – мәселені жасыру емес, дерекке сүйеніп шешу. «Сандық басқару» мен «Жан дауысы» жобалары арқылы ашықтыққа, ұстазды қолдауға және бала қауіпсіздігіне басымдық бердім.

Үштөбе қаласында мектептердің жабдықталуы, медицинаның қолжетімділігі, көше жарығы, газдандыру және баспана құрылысы өзекті. Бұл мәселелердің шешімін ашық бақылауды мақсат етемін.

Үштөбедегі әр оқушы сапалы білімге, қауіпсіз ортаға және заманауи мүмкіндікке лайық. Бала болашағына салынған инвестиция – қала келешегіне жасалған қадам.

Бұл бағдарламада «Әділет» партиясының ұстанымдарымен қатар, Үштөбе қаласына қатысты Қаратал ауданының даму құжаттарында көрсетілген нақты нысандардың орындалуын қоғамдық және депутаттық бақылау міндеттері қамтылды.

Міндетім – мәселені айту ғана емес, оның шешілуіне ықпал ету. Депутаттық бақылау, ашық есеп және тұрғындармен тұрақты байланыс – жұмыстың басты өлшемі.

Ең үлкен баға – Үштөбе тұрғындарының сенімі. Ең маңызды нәтиже – қала өміріндегі оң өзгеріс.

Құрметпен, Испанова Ляззат

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Үштөбе қаласының ішкі көшелері мен жарық жүйесіне қатысты тұрғындар ұсынысын жүйелі көтеремін. Қаратал ауданының Үштөбе қаласы мен ауылдық елді мекендеріндегі жалпы өлшемі 10,5 км құратын автомобиль жолдары кезең-кезеңімен жөндеуге ықпал етемін.

Абаттанған қала – жайлы өмір!

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Үштөбе қаласында 2027–2028 жылдарға көзделген газ желісі жобаларын бақылауды жүзеге асырамын. Мәметова, Әуезов, Айманов көшелеріндегі 4 км, Панфилов, Амангелді, Жастар көшелеріндегі 3 км жарықтандыру жоспарының мерзімі мен сапасына назар аударамын.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Үштөбеде шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының ашық әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Қала кәсіпкерлері үшін қызмет көрсету, сауда және жаңа өндіріс жобаларына жағдай жасауды қолдаймын.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Үштөбе көшелерінің абаттандырылуы, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық орындар мен коммуналдық қызмет сапасы бойынша тұрғындар ұсынысын көтеремін. Жоспарланған жұмыстардың орындалуын бақылауға мән беремін.

5. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Үштөбе қаласындағы шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.

6. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын. Жол картасында Үштөбе қаласындағы көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жоспарының ашық іске асырылуын қадағалауға күш саламын.

7. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Үштөбе қаласы мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.

8. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА

«Таза Қазақстан» аясында қаланың көшелерін көгалдандыру мен тазалықты жүзеге асырамыз.

Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – Үштөбенің игілігі үшін!

Тапсырыс беруші: Испанова Ляззат Саркытбаевна
Қаратал ауданының мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.