Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралханды оқыдыңыз ба?

25.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Оралханды оқыдыңыз ба?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ қара сөзінің көкжиегін кеңейтіп, ұлттық әдебиеттің алтын қорына өлмес мұра қалдырған қаламгерлердің қатарында Оралхан Бөкейдің орны айрықша. Оның шығармаларын оқыған сайын Алтайдың самалы есіп, сайын даланың сағынышы көкірекке қонақтайды. Сұлу сөзден сұңғат сомдаған суреткердің әр туындысы оқырманды өз әлеміне жетелеп, көңілдің қылын шертіп, жүрек тереңіндегі сезімдерді оятады. Сол себепті де Оралханды оқу – адам жанына үңілу, өткенмен тілдесу, сартап болған сағынышпен сырласу. Тіпті сонау ауылда қалған ағайындарды еске алу.

Оралхан есімімен алғаш мектеп қабырғасында жүргенде таныстым. Сол тұста қолыма тиген «Апамның астауы» атты шағын ғана әңгіме күні бүгінге дейін жадымнан өшкен емес. «Ол кезде мен бала едім, апам жастау еді…» деп басталатын шығарма мені бірден баурап алған-ды. Ал соңындағы: «…Апам менің… Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау…» деген жүрек шымырлатар жолдар әр жолы қайта оқығанда кеудеге мұң ұялатады. Уақыт өтсе де осы бір құйқаңды шымырлатар түйін санамнан өшпей келеді.

«Апам менің…» деген осы сөз тіркесінің маған ерекше жақын болуының да өзіндік сыры бар. Қазақтың қасиетті ұғымына айналған әже тәрбиесін көріп өскен жанның бірімін. Көзімді ашқаннан жанымнан табылған, мейірімнің бесігін тербеткен де айналайын аяулы апам. Балалық шағымның бояуы, жүрегімнің жылуы, өмірімнің алғашқы мектебі сол кісімен сабақтас. Сондықтан болар, бұл туындыны әр оқыған сайын кейіпкердің жандүниесімен өзімді қатар қойып, шығарманы оқырман ретінде емес, сол оқиғаның куәсіндей қабылдаймын.

Шындығында, Оралхан Бөкейдің қаламынан туған қай туындыны алсаңыз да оқырманын бейжай қалдырмайды. «Мұзтау», «Кербұғы», «Қар қызы», «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Текетірес», «Үркер ауып барады», «Ұйқым келмейді», «Құлыным менің», «Қамшыгер», «Қасқыр ұлыған түнде», «Өз отыңды өшірме» қай-қайсысы да қазақ прозасының мерейін үстем еткен жауһар дүниелер. Дегенмен мен үшін сол алып әлемге жол ашқан алғашқы қақпа – «Апамның астауы». Осы шағын ғана шығарма кейінгі барлық еңбегін іздеп оқуға жетеледі, сөз өнеріне деген ықыласымды арттырды.

Оралханның қалам қуаты – ешкімге ұқсамайтын дара болмысында, сөз саптауы – өзеннің ағысындай еркін, тау самалындай таза. Ол табиғатты суреттегенде көз алдыңа жанды бейне келеді, адам жанын бейнелегенде өз жүрегіңмен сырласқандай күй кешесің. Алтайды ардақтап өткен арда перзент туған өлкенің әр тасы мен бұлағына жан бітіріп, қара сөзді көркемдік биігіне көтерді. Сондықтан да Оралхан шығармалары уақыттың шаң-архивіне көмілмей, ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді.

Әдебиеттанушы емеспіз, көркем сөздің бар қағидасын таразылап жүрген сыншы да емеспіз. Алайда нағыз шығарманың құнын анықтау үшін ғылымның таразысынан бұрын жүректің өлшемі керек шығар?! Ал жүрекке жол тапқан дүние ешқашан ескірмейді. «Апамның астауы» сондай өміршең туындының бірі.

Бір қызығы, шығарманы қайта парақтап отырып, «апам» сөзі қаншалықты жиі қолданылғанына назар аудардым. Өз есебімше, бұл сөз шамамен 94 мәрте кездеседі. Оның 3\1 бөлігі «Апам менің…» деген тіркеспен беріледі. Әлбетте, бұл саннан жаңылысуым мүмкін. Дегенмен мәселе нақты мөлшерінде емес. Көңілге қонғаны – автордың осы қайталауды әдейі көркемдік тәсіл ретінде пайдаланғаны. Сөз қадірін бес саусағындай білетін суреткердің тавтологиядан бейхабар болуы мүмкін емес. Керісінше, қайта-қайта қайырылған сол бір сөз арқылы ол оқырманға сағынышты, перзенттік махаббатты, апасына деген іңкәрлікті барынша терең сезіндіреді.

Иә, Оралхан үшін «апам» – мәңгіліктің бейнесі, қазақы тәрбиенің алтын қазығы, ұлттың ұйытқысы. Сондықтан шығарманың әр тұсында қайталанатын осы сөздің астарында перзенттік парыз, сағыныш, қимастық пен тағзым қатар өріліп жатыр. Жазушының шеберлігі де осында. Бір ғана сөзді мың бояуға құбылтып, мың түрлі сезімге бөлей білу – екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін бақ-дарын.

Сірә, Оралхан Бөкейдің шығармаларының өміршеңдігі де осында болса керек. Ол оқырманға оқиға айтып қана қоймайды, жүрекке із қалдырады. Ал жүректе қалған сөз ғана мәңгі жасайды. «Апамның астауы» – соның айқын айғағы. Бұл туындыны оқыған сайын өз апаңды есіңе аласың, балалық шағыңмен қайта қауышасың, өткен күндердің жұпар иісін сезесің. Міне, нағыз әдебиеттің құдіреті дегеніміз – осы.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026
Сайлау алдында жалған аккаунт пен сайттар бұғатталады

Жаңғырудың негізі

25.07.2026
Оралханды оқыдыңыз ба?

Оралханды оқыдыңыз ба?

25.07.2026
Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.