Талдықорған: +15°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Президент СІМ басшысының жаңа орынбасарын тағайындады

29 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Президент СІМ басшысының жаңа орынбасарын тағайындады

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Еліміздің сыртқы саясатында сапалы өзгерістер орын алуда. Кадрлық ауыс-түйіс мемлекеттің халықаралық майдандағы ұстанымын одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Жоғары лауазымға дипломатия саласында 30 жылдай еңбек өтілі бар, талай жауапты қызметті абыроймен атқарған маман келді.

Арман Исағалиев – тәжірибелі дипломат, Төтенше және өкілетті елші. Ол 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білім көжиегі өте кең: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін тәмамдап, ары қарай біліктілігін шетелде арттырған. Елші Мароккодағы Сиди Мұхаммед бен Абдалла университетінде және Мысыр Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық институтында терең білім алған.

Еңбек жолын 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастап, кейін ҚР Ұлттық ғылым академиясының Шығыстану институтында ғылыми қызметкер ретінде ізденген. Дипломатиялық қызметте Қазақстанның Мысырдағы және Сауд Арабиясындағы елшіліктерінде, Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында, сондай-ақ еліміздің Дубайдағы Бас консулы қызметтерін атқарды.

2017-2020 жылдар аралығында Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі болды, сонымен бірге Алжир мен Тунисте қоса атқарушы елші міндетін атқарды. Ал 2020 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымын абыроймен атқарды.

Шығыс елдерінің тілі мен мәдениетін, саяси құрылымын бес саусағындай білетін сарапшының бұл қызметке келуі Қазақстанның араб және мұсылман әлемімен, сондай-ақ жалпы халықаралық аренадағы серіктестігін жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту және шетелдегі азаматтардың құқығын қорғау бағытында білікті мамандардың еңбегі орасан.

Мемлекетіміздің сыртқы саясаты ашықтық пен бейбітшілікті ту етеді. Жаңа тағайындау елдегі дипломатиялық сервистің тиімділігін арттырып, халықаралық деңгейдегі келіссөздердің оң нәтиже беруіне ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

Абзал жан

Абзал жан

Бүгін, 13:30
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Бласов Бекет Жайлаубекұлы

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Бласов Бекет Жайлаубекұлы

Бүгін, 13:27
Танымның тұғыры, жаңа идеялардың құралы

Танымның тұғыры, жаңа идеялардың құралы

Бүгін, 12:45
«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

Бүгін, 11:49
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Бүгін, 11:38

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.