Талдықорған: +15°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Абзал жан

Бүгін, 13:30
КҮНДЕРЕК
Абзал жан
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу аймағында саналы ғұмыры болашақ буынға үлгі-өнеге боларлық парасатты тұлғалар аз емес. Солардың қатарында лауазымды қызметтер атқара жүріп, бойындағы дарын қуатымен өзі өмір сүрген қоғамның жүрек дүрсілін қапысыз аңғарған ақын Жаскілең Қалиевтің есімінің аталуы заңдылық. Бар болғаны 58 жасында тірлік сапары аяқталған ақын ағамыздың соңына қалдырған рухани азығын шашпай-төкпей жинастырып, оқырманға ұсынған ақын жары Сафура Мұқашева 90 жасқа екі-үш ай қалғанда биыл 12-қазанда мәңгілік мекеніне аттанды. Қарашаның 20-сында 40 күндік нәзірі берілетін аяулы жанның көңілімізге орныққан байсалды да биязы, сабырлы да сырбаз бейнесін көз алдымызға келтіріп, рухымен сырласып отырмын.

1937 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында дүние есігін ашқан Сафура Ерболғанқызы орта мектептен соң Қазақ қыздар педагогикалық институтының биология факультетін тамамдайды. Студенттік жылдардың соңында өмірлік жары, Көкжиде ауылының тумасы Жаскілең Қалиевпен бас құрап, екі жас маман қол ұстасып еңбек жолдарын Молалы теміржол бекетінің мектебінен бастайды. Талапты да талантты Жаскілең ағамыз қызмет сатысымен жоғарылап жас отбасы Бөрлітөбе, Қапал, Ақсу аудандарында, облыс орталығы Талдықорғанда тұрады. Облыстық білім жетілдіру институтының директоры, облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі сынды жауапты қызметтерді атқара жүріп ағамыз еліне деген сүйіспеншілігін өлеңмен өрнектеуге уақыт табады. 1960 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген «Жырға сапар», 1967 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жыр жүрегі» жинақтарына топтама өлеңдері енеді. Тума таланттың «Армысың, теңіз» атты кітабы 1968 жылы он мың тиражбен оқырмандарымен қауышады. Сол кітапты 1976 жылы Бөрлітөбе аудандық «Балқаш өңірі» газетіне қызметке келгенімде ұлағатты ұстаз Бикен апай Шалғынбаева маған сыйлап еді. Көлемі шағын болғанымен ақын өлеңдері өзектілігімен өзіне тартып, бір түнде оқып шыққаным есімде.

Жоғарыда айттық, Сафура апайымыздың мамандығы мұғалім. Ұзақ жыл бойы өзі тұрған аудандарда, қала мектептерінде биология пәнінен сабақ берді. Зейнет демалысына шыққан соң ширек ғасыр аралығында «Мұқашева» жеке кәсіпкерлігін басқарып, жарының соңында қалған мұрасын жинақтауға шынайы кірісті. Бұл кезде жарасымды жұптың тұңғыштары Құралай, ұлдары Асқар мен Шыңғыс ержетіп, өмірден өз жолдарын тауып үлгерген-ді. 1995 жылы ақын ағамыздың «Азамат, қайдасың?», 2006 жылы «Аласарма, азамат» жыр жинақтары өлеңсүйер қауымның қолына тиді. 2009 жылы жарыққа шыққан «Жансаям менің» атты екі томдық романы оқырмандардың іздеп жүріп оқитын кітабына айналды. Араға 10 жыл салып ақын өлеңдеріне жазылған әндер, арнау өлеңдер, замандастары мен кейінгі толқын әдебиет өкілдерінің зерттеулері, пікірлері жинақталған толымды том – «Ақын аманатының» тұсауы кесілді. Бұған дейін Жаскілең ақынның «Жүрегім мені жазғырды» деп аталатын өлеңіне ән жазып, ақын шығармашылығын зерттеу мақалаларыма арқау етіп жүргендіктен Сафура апайымыздың жар ісіне деген жанкештілігі «Ақын жыры және ақын жары» деген тақырыптағы өлеңімнің тууына себепкер болды. Сол өлеңде:

Ақын жыры – иесін күткен
домбыра,
Ақын жары дөп басқаны
пернесін, –
деп Сафура апайымыздың ерінің мұрасын келешекке табыстауын ерлікке балап едім.

Сафура апайымыздың сырт келбеті де, жан дүниесі де әдемі еді. Сазды да сырнайлы үнімен халық әндерін нақышына келтіре шырқағанына да куә болғанбыз. Әдеби мұраны жинақтап, бастыру бағытындағы ауқымды жұмыстарды шаршап-шалдыққанын балаларына сездірмей атқаратын. Жарының абзал есімін ұлықтау үшін Жетісудағы аузы дуалы абыз ақсақалдардың жанынан табылатын, ақынның ізбасар інілерін бауырына тартатын. Қаншама рет еске алу шараларын өткізді, әдеби кештер ұйымдастырды. Облыстың Мәдениет сарайында, аудандардың, ауылдардың мәдени ошақтарында, мектеп сахналарында кейінгі толқынның ақын жырларын шабыттана жатқа оқитынын көзіміз көрді. Сондай кештерде ақын өлеңдеріне жазылған әндер әуелеп шырқалатын. Кезінде ізі қалған Талдықорғанның елеулі бір көшесіне Жаскілең Қалиевтің есімінің берілуі ақын жарының ізденісінің жемісі.

Елге де, ерге де қызмет етудің айқын үлгісін танытқан Сафура апайымыз өмірден озғанымен көңілімізде көркем мінезі, жылы жүзі, айналасына өнеге болып жақсы амалдары қалды. Өмірдің мәні дегеніміздің өзі де осы емес пе?!

Сексен деген сеңгір тауға
ентікпей-ақ жетіп ең,
Қазағыңмен бірге еді ниетің мен
несібең.
Тоқсан жасқа таяп келіп
қайраңдады қайығың,
Жылы жүзің кете қоймас, қалың
елдің есінен.

Аманаты ағамыздың жаныңды
оттай жандырып,
Бай мұрасын таныстырдың қалың
елді таң қылып.
Ұрпағына ұлағатты қалды
том-том кітабы,
Жақсы ақынның туған жерде
аты қалды мәңгілік.

Шаршатты ма бұл тірліктің өрі
менен қиясы,
Жан дүниең білген жанға
ар-намыстың ұясы.
Таусылғанша қызмет еттің,
жаным апа, еліңе,
Жүрегіңнің қаны менен қаламыңның
сиясы!

Жомарт ИГІМАН,
Қазақстанның Құрметті журналисі,
Жетісу облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Абзал жан

Абзал жан

Бүгін, 13:30
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Бласов Бекет Жайлаубекұлы

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Бласов Бекет Жайлаубекұлы

Бүгін, 13:27
Танымның тұғыры, жаңа идеялардың құралы

Танымның тұғыры, жаңа идеялардың құралы

Бүгін, 12:45
«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

Бүгін, 11:49
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Бүгін, 11:38

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.