Талдықорған: +35°C
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел аузындағы Еркін

30.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ел аузындағы Еркін
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылында соңғы жылдары қолға алынған инфрақұрылымдық жобалар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға серпін беріп отыр. Қалалық мәслихат төрағасы, ауылдық округ әкімі және ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, көшелерді аралап, жаңадан салынған Мәдениет үйіне барды.

Бүгінде ауылдағы Сарыбұлақ, Қарасу, Бесшатыр, Ащыбұлақ және Абай көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізуде. Жалпы ұзындығы 3,485 шақырымды құрайтын жолдарды жаңартуға 140,7 миллион теңге бөлінген. Мердігер мекеме «Санжар-2612» ЖШС.

Жол бойындағы жұмыс барысын таныстырған округ әкімі Қанат Рыспеков бұл бастама тұрғындардың көптен бергі өтінішінен туғанын айтты.

Өткен жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаев халықпен кездесу кезінде ауыл тұрғындары көшелерге асфальт төсеу мәселесін көтерді. Сол кезде облыс басшысы нақты тапсырма беріп, жоба әзірлеуге мүмкіндік жасадық. Бүгінде жоба жоспар бойынша іске асып жатыр. Негізгі 5 көшенің ішінде ең ұзыны – Ащыбұлақ көшесі. Осы көше толық аяқталса, жобаның басым бөлігі орындалды деуге болады, – дейді әкім.

Ал мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, құрылыс кестеге сай жүргізілуде.

Жұмысты бастағанымызға айға жуықтады. Қазіргі таңда Ащыбұлақ көшесіне асфальт төселіп болды. Арнайы мамандар келіп, сапасына сынама алып жатыр. Алдағы уақытта қалған 4 көшеде де жұмыстар жалғасады. Тамыз айының соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қажетті техника да, жұмыс күші де жеткілікті. Қазір нысанда 15 адам еңбек етуде, – дейді «Санжар-2612» ЖШС директорының орынбасары Бауыржан Қауысбеков.

Ауылдағы оң өзгерістерді тұрғындардың өзі де ерекше атап өтуде. Еркін ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тортай Ізбасқановтың айтуынша, соңғы екі жыл ішінде ауылдың келбеті адам танымастай өзгерген.

Бұрын ауылымыз туралы сұрағанда айтатын жаңалығымыз аз болатын. Қазір жағдай мүлде басқа. Табиғи газ келді, көшелер жарықтандырылды, енді жол мәселесі де шешіліп жатыр. Қаладан еш айырмашылық жоқ. Ең бастысы – халықтың сұранысына сай нақты жұмыстар атқарылуда – дейді ауыл ақсақалы.

Жол сапасы арнайы бақылауда. Бұл туралы облыстық Ұлттық сапа орталығының инженері Нұрбек Қуатов айтты.

Міндетіміз – салынып жатқан жолдардың сапасын тексеру. Алдымен жол қабатының қалыңдығын өлшедік. Қажетті талапқа сәйкес екенін көрдік. Арнайы сынамалар алынып, зертханалық тексеруге жіберіледі. Жалпы атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деңгейде. Кейбір ұсақ-түйек ескертулер болды, олар бойынша мердігерлерге тапсырма беріл-ді, – деді инженер.

Өз кезегінде қалалық мәслихат төрағасы Темірболат Ахажан халық қаржысының тиімді әрі сапалы игерілуін бақылау депутаттық корпустың негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Мәслихатта әрбір жоба егжей-тегжейлі талқыланып барып бекітіледі. Сондықтан бөлінген қаражаттың қалай жұмсалып жатқанын тұрақты қадағалаймыз. Еркін ауылында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне түпкілікті бағаны тұрғындардың өзі береді. Қысқа көшелердегі жұмыстар аяқталуға жақын. Бұл жобалар толық іске асқаннан кейін жол мәселесі түбегейлі шешіледі. Соңғы жылдары газдандыру, электр желілерін жаңарту, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Бұрын халық тарапынан көптеген сауал көтерілетін болса, бүгінде күрделі мәселелер айтарлықтай азайды, – дейді ол.

Сапар барысында делегация ауылдағы жаңа Мәдениет үйін де аралады. Кенжебаев көшесіндегі ескі кітапхана ғимаратының орнына бой көтерген жаңа нысан 150 орынға арналған. Инклюзивті бағыттағы мәдениет ошағы ауыл тұрғындарының рухани өміріне тың серпін бермек. Құны 683,4 миллион теңгені құрайтын жобаны «Жаркент Алғыр» құрылыс компаниясы жүзеге асырған.

Жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілгеннен кейін мұнда өнер үйірмелері, шығармашылық ұжымдар мен қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл өз кезегінде ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуге және мәдени өмірдің жандануына жол ашады.

Бүгінде Еркін ауылында атқарылып жатқан жұмыстар бір ғана жол жөндеумен шектелмейді. Инженерлік инфрақұрылымның жаңаруы, әлеуметтік нысандардың салынуы және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар ауылдың жаңа келбетін қалыптастырып келеді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Отандық өнім ұсынылды

Отандық өнім ұсынылды

30.07.2026
Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемі артты

Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемі артты

30.07.2026
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

30.07.2026
Жаңа Конституцияны іске асыру мәселесі талқыланды

Жаңа Конституцияны іске асыру мәселесі талқыланды

30.07.2026
Төлегеннің соңғы өлеңі

Төлегеннің соңғы өлеңі

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.